Алматыда barcampca бейресми конференциясы басталды

651 рет қаралды
2

87649131Алматыда Орталық Азия елдерінің BarcampCA10 екінші бейресми конференциясы басталды. Жаңа медия мамандарының басын қосқан шараға елімізден және жақын шетелдерден 600-ден аса қатысушылар жиналды. Екі күнге жалғасатын конференцияда журналистер, ақпараттық технология мамандары, блогшылар өзара тәжірибелермен алмасып, жаңа жобаларының тұсаукесерін жасайды. «Мінбер» қазақ журналистерін қолдау орталығы биылғы BarcampCA10 бейресми конференциясының ұйымдастырушысы.

Қазақ журналистерінің жаңа медиядағы біліктілінін арттыруды көздейтін ұйымның төрайымы Есенгүл Кәпқызы мұндай ауқымды жобалар ғаламатордың қазақша мазмұнмен толысуына тікелей әсере етеді деп санайды. Сондықтан Barcamp тәрізді шараға қатысу арқылы қазақ журналистері мен блогшылар өзге елдің тәжірибесімен танысады. Әрі интернетте қазақ тілінде де тың жобаларды жасаудың жолдарына қанығады.

Қазақстанда екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бейресми конференцияда «стартаптарды қаржыландыру» жобасы ақпараттық технология нарығындағы коммерциялық ұйымдар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие. Себебі компаниялар өздері ұнатқан жобаларды қаржыландырып, әрі қарай оның дамуына септеседі. Мәселен, биылғы жылы 20 жуық жаңа жоба таныстырылмақ.

Қазақстанның интернет әлеуеті зор болғанымен, әзірге қазақ тілінде ресурстар жеткіліксіз. Barcamp тәрізді шаралар мүдделес жандардың кездесіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Есенгүл әпке, бүгін сізге сұрақ қойған бауырыңыз мен боламын. Сіздерді әрқашан қолдап-қуаттаушы ретінде дем беремін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері