АҚШ дипломаттары Назарбаевқа риза

592 рет қаралды

Қазақ басшысының Барак Обамамен кездесуінен соң «Washington Post» газетінде Мэри Бэт Шериданның «Қазақстан АҚШ-қа әуекеңістгін пайдалануға рұқсат берді» мақаласы жарияланды.

«Ауғанстандағы АҚШ әскеріне жүк тасымалдау мақсатында қазақтың кеңістігін пайдалануға қазақ басшысы рұқсат берді. Бұл өз кезегінде соғыс аумағына әскери күшті тезірек әрі қауіпсіз апаруға септеседі» дейді америка басылымы.

Бұған дейін жүк Пәкістан арқылы ұзақ та, күрделі жолмен тасымалданып келген. Енді жаңа жол Ақ үйдің Ауғанстанға қатысты ұстанып отырған саясатының уақыты мен жұмсалатын ақшасын үнемдейтін болды.

АҚШ үкіметі осы уақытқа дейін әскери жүк тасымалы үшін Пәкістаннан бөлек басқа балама жол қарастырып келген еді. Себебі Пәкістандағы Хиберді талибандар шабуылдап, маза бермейді.

Өткен жазда Вашингтон Мәскеуден Ресей кеңістігі арқылы жылына орта есеппен 4500 рет ұшып өтуге келісім сұраған. Бірақ бұл келіссөздер ұзаққа созылып кетті, себебі Қырғызстан мен Ресейдің арасында Қазақстан тұр еді. Қазақстан АҚШ үшін Ауғанстандағы мәселені шешуде маңызды ойыншыға айналды. Қырғызстандағы бүліктің салдары да Манас әуебазасының болашағын бұлыңғырлатты.
Осы уақытқа дейін АҚШ дипломаттары қазақ әріпестерін қазақ кеңісітігін пайдалануға көндіре алмай әуреге түсіп келген еді.

Washington Post басылымына берген түсініктемесінде олар: «Біздің осы уақытқа дейін қазақ әріптестерімізбен келісімге келе алмай жатқан ісімізді президенттің өзі шешіп берді» дейді. Қазақстан қаңтар айында НАТО-мен теміржол арқылы қауіпсіз жүкті тасымалдау жөнінде келісімге келген.

Мақсат АЯН

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі