Бар мықтылығымыз бағдарлама жасаудан ары аспайды-ау

3420 рет қаралды
2

km 1Осылай деп қынжыла тақырып қойғаннан басқа лажымыз қалмай отыр. Оған түркі болған
Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің көкек айының 13 күнгі кезекті Үкімет отырысында сөйлеген сөзі түркі болды. Мемлекеттік тіл десе мешелдің күйін кешкен үкімет тағы да бір «Тіл туралы бағдарламаны» үкілеп бәйгеге қоспақ екен.

Бас министрдің айтуынша, сонда осыдан он жылдан кейін, 2020 жылы дегенде Қазақстанның әр бір азаматы, бесіктегі баласына дейін, өйткені, Қазақстанның жаңа туған сәбиіне дейін ел азаматы емес пе, мемлекеттік тілде сайрап кететін көрінеді. Ол былай дейді: «Бұл бағдарлама бойынша биылғы жылы не істелуі керек, келесі жылы қандай шаралар жүзеге асырылуға тиіс және 10 жылдан кейін не істелуі керек деген мәселелер нақты көрініс табуы қажет, 10 жылдан кейін еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілде сөйлеуі қажет, бұл – біздің мақсатымыз».

Ау, сонда бұған дейінгі жоспарларда бүгін, ертең не істеу керек екендігі көрсетілмей келгендігі болды ғой. Олай болса, Бас министр Мәсімов мырза үкіметте үлкен құбылыс жасаған екен. Ал біздің көкейімізде «бар мықтылығымыз бағдарлама жасаудан ары аспаймыз-ау?» деген сұрақ көлденеңдеп тұрып алды.

Б.Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Б. Қарамер мырза, қам жемеңіз көп! Бұйрса, еліміз, дәл осы күйде, он жыл өмір сүрсе, шынымен бәрі қазақша сөйлейтін болады. Сөз жоқ. Оған осыдан он жыл бұрын қазақша сөйлемек түгілі түсінбейтін, ал қазір, қазақшаға судай, Оралдық таныс қазақтар куә. Өз көзіммен көріп, сөйлестім, адам көрсе сенгісіз да просты. Прогресс бар. Енді бір он жылда бәрі сөйлейтің болады қазақ тіліңде.

  2. Manau degen kazakhty tilimen birge kurmettemeu degen emes pe, agaiyn? 20 jyl jetpegende 10 jyl jete me eken osyndai kurmetsizderge?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар