/

Эфиопия Қазақстанмен танысуда

659 рет қаралды

Ғаламтордағы ию-қию көп ақпараттың ішінен сапалысын сұрыптап алу қиын болып көрінуі мүмкін. Десе де ең сенімдісі ол ресми деректерге мән беру. Мәселен, осы аптада Американың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоагланд мырзаның баяндамасын Эфиопияның ресурсы жариялапты

Африкалықтарға да Қазақстанның қандай ел екені қызық көрінсе керек. Себебі елші мырза өзінің мақаласында Қазақстанның қандай екенін суреттеген. «Қазақстанды білмейтін адамға шынымен де не айтуға болады?» деген сұраққа жауап іздеген саясаткер ел террториясының Шығыс Еуропамен бірдей екенін, әрі Ресей мен Түркия тәрізді бір шеті Еуропаға кірігіп жатқан мемлекет екеніне баса мән берген. Баяндама негізінен АҚШ пен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын, әсіресе ғылым-білім саласында келісім-шарттар жасасқанын айтқан. Бақсақ, АҚШ тек дүниенің 50 елімен ғана ғылым-білім аясында қарым-қатынас түзген екен.

Экономика жайын баяндағанда, әрине мұнай мен газдың бар екенін айтып өтпеске болмайды. Сонымен қатар соңғы жылдардың ішінде дағдарысқа қарамастан банк құрылымын қалпына келтіре алды деп мақтайды. Ағылшын тіліне жетік эфиопиалықтар елшінің баяндамасының арқасында Қазақстан уран қоры жөнінен де алдыңғы қатарда екенін біліп қалды. Бұған дейін адам құқы мен сөз бостандығы бойынша сыналатын Қазақстанды енді американың дипломаттары мақтай жөнелгені ойландырады. Сөзсіз, елшілер де Ақ үйге бағынады десек, Барак Обаманың саясаты Ауғанстанмен көршілес жатқан, әрі өзінің әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалдауға рұқсат берген Қазақ еліне бір-ауық оң жарнама жасай қойыңдар деген бұйрық берген болар. Әйтпесе, тентек террористі де тезге салатын қуатты ел, қазақты масқаралаған Боратты да тәубесіне келтірер еді ғой.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі