Ол – Назарбаев, ойлы отыр, ал Обама…

693 рет қаралды
1

nan 2Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көкектің он бірі күні Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті.

Төмендегі сурет интернет порталдарында жарияланғаннан кейін маған бірден келген ой: Біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы өзіне арналған орындықтың сәл аласалығын олқысынған ба салмақты, нығарлана отырып, екеуіміз бір қолдың екі саусағындаймыз – сен ортанқол болсаң, мен сұқ саусақпын деп көрсетуге ыңғайын оң қолымен тежеп, ойлы жанарын арыға, алысқа тастайды. Елбасының осы бір келбетінен бүгінгі қазақ елінің бүкіл-бүтін бет-бедерін ғана емес, іш-жан дүниесіндегі өмір суреттерін де көрсетіп тұрғандай. Бүгіні нық, еретеңіне алаң көңілдің күйін сезінесің.

Ал Америка президенті Обама Барак орынтаққа жаңа ғана келіп қонып, айналасын толық шолып үлгірместен ұша жөнелетін кейіссіз, керісінше күлкісі көп кейіп танытады. Қағанағы қарық, сағанағы сарық. Алайда адамзат баласының талайының тағдырын тізгіндеп отырған жанға жарасатын да шығар. Мүмкін біздің елбасымызға өзінің дән риза көңілін, ниет-пиғылын осылай көрсеткісі келген болар. Қалай болғанда да Обаманың отырысынан Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасына көңілі толатындығын аңғарамыз. Шын мәнінде жалпақ әлемге құзыры жүріп тұрған империя басшысы үшін ойланатын, күрделі, күйіп тұрған, толғағы қысқан мәселелер жер бетінде аз ба екен? Ол жайында да кездесу кезінде сөз болғаны жөнінде құлағдармыз. Екі ел басшылары Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылап, ядролық қауіпсіздікті және таратпау үдерісін, Орталық Азиядағы өңірлік тұрақтылықты күшейту, сондай-ақ экономикалық өркендеу мен жалпыға ортақ құндылықтардың игілігі жолындағы өздерінің екіжақты ынтымақтастығын белсенді ете түсуге ұмтылысын қуаттаған.

Сондай-ақ, Президенттер Ауғанстандағы жағдайға байланысты туындаған жалпы қатерлер мен қыр көрсетулердің ауқымын екі жақтың да түсінетінін атап өткен.
Президент Обама Қазақстанға Ауғанстан халқына гуманитарлық, экономикалық және білім беру тұрғысынан көмек көрсету, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ауған студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға 50 миллион доллар бөлу жөніндегі шешіміне ризалығын білдірген. Және де Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерін танып-біле отырып, АҚШ алдағы кезде де Экономикалық даму бағдарламасы мен Қазақстан мен АҚШ арасындағы мемлекеттік-жекеше экономикалық әріптестікті дамыту бастамасының аясында Қазақстанның көп салалы экономикасының өркендеуіне қолдау көрсете беретін болады. Сонымен қатар, Құрама Штаттар Қазақстанды адам құқығына қатысты бағдарламаларын жүзеге асыруға шақырған. Мұнда «АҚШ Қазақстан үкіметіне БАҚ-ның либерализациялауға және құқықтық реформа жүргізу арқылы саяси жүйені демократияландыруға көмектесеміз» деген.

Б.Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Біздің президент әлі жалтақтаумен келеді, артының әйтеуір Аллах қайырын берсін

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі