Қалдықтар қауіпсіз бе ?

4177 рет қаралды
1

nureke_men_darigaАлматыда екі күнге созылған IX Еуразиялық медиа форумның жұмысы аяқталды. Оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Жарты сағат баяндама жасады. Онда айтылған, әсіресе, президенттің төрткүл әлемді ядролық қарусыздану тарапында жаңа халықаралық акт жасап, оған қол қою, ядролық қаруды таратпау, әлемдік қауымдастықтың жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдау, ядролық қаруды тию қатарлы бастамаларын жер жүзінің жұмыр басты пендесі екі қолын тік көтеріп құп алары еш шүбә тудырмайды.

Сонымен қатар, елбасы Қазақстан аумағында ядролық қалдықтар қоймасын жасақтауға рұқсат беретiнiн айтқан. «Для этого у нас есть необходимая инфраструктура и специалисты, мы можем обеспечить его надежную защиту… В-третьих, мы призвали к формированию новых безъядерных зон»… осы сөзден көңілге күдік түседі. Өзімізге өзіміз сұрақ қоямыз: Ядролық қару мен ядролық қалдықтарының айырмашылығы қандай? Олардың қауіпсіздігі инфраструктура мен мамандарға ғана қатысты бола ма?
Қазақстан президенті әлемдік қауымдастықты жер шарын ядролық қару апатынан аластау мақсатында ядролық қаруды түбірімен құрту бастамасын үндей отырып оның қалдықтарынан да үзілді кесілді бас тартқанда нұр үстіне нұр жауар еді деген ой көкейде көлбеңдейді.

Қазақтың қара топырағы қаншама жылдар жаппай қырып-жою қаруы сынағының құрбанды болды. Құдай оңдап, елбасы қолдап 1991 жылы осы бір зұлматтан құтылдық. Алайда оның зардабы мен залалы ұрпаққа жалғасып, тамыр-тамырды қуалап кеткені белгілі. Азабын алаш баласы әлі күнге дейін тартып отыр. Ол қасырет қаншама жылдарға созыларын бір құдай біледі. Сөйте тұра ядролық қалдықтарға құмар болыппыз.
IX Еуразиялық медиа форумның жұмысының «жемісі» осылай аяқталғаны ма? Әттең!…

Б.Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса дегенді білмейсіңдер ме?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі