Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз

14872 рет қаралды
4

NAN 127 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақордада «Саяси репрессия құрбандарын еске алу» күніне орай ХХ ғасырдағы қазақ баласының басына түскен сұмдық апат, қанды қырғын, қазақ даласын адам қанымен суарған қатыгез қасапшылық – саяси репресия құрбандарының ұрпақ өкілдерімен кездесті. Бұл жөнінде біз алғашқы хабарды «Қазақ радиосы» жаңалықтарынан естіп-білдік.

Онда президент Н.Назарбаев (Тарихты зерттеудегі –Б.Б.) «Қазақстанның мақсаты – өзіне жау табу емес, болғанды болғанындай шынайы білу» деп мәлімдеген. «Қазір тарихты зерттеуде екі бағыт етек алған: Бірінің мақсаты өткенге кінәліні іздеп-табу болса, ал екіншісі бәрі де тамаша еді, бұлай істеу (репресия – Б.Б) әрі керек, әрі қажет болды дейді» деген. Елбасы ақиқат осы екі бағыттың бел ортасында жатыр деп көреді. «Біздің мақсатымыз,- дейді Нұрсұлтан Әбішұлы жау іздну емес, болған қасыретті ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз білу үшін еске алып отыру».Golod1

Және де президент: «Біз әлде кімді немесе тарихты кінәлағымыз келмейді. Біз тек шындықты білгіміз келеді. Шындықты білу арқылы тап сондай нәубат қайталанбас үшін не істеу керек екенін білеміз. Біз бүгін Саяси репрессия құрбандарын еке алу үшін жиналдық» деген.

Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты. Қазақ халқын қынадай қырған сол бір сұрапыл нәубатқа мәңгі лағынет айтамыз! Оны жасағандардың тұқымы адамзат тезінен аман-есен өтсе де, құдай алдында жауап беретініне кәміл сенеміз.

Бір замандарда атақты жаулаушы, француз императоры Наполеон Бонапарт «түріктерді DSC01966(қазақтарды–Б.Б.) өлтіруің мүмкін, бірақ оларды жеңе алмайсың деп мойындаған екен. Алла Тағаланың өзі «менің түріктерім» деп нұрын төккен нұрлы ұрпақ түгесіліп қалмас екенін бүгін паш етіп отыр.

Құрбандардың топырағы торқа, жаны пейіште шалқысын! Біз, бүгінгі ұрпағының бақытты болашағы үшін баласынан бастап, бабасына дейін алтын жанын пида еткен құрбандардың өшпес рухына мәңгі басымызды иеміз! Алайда, әлі күнге дейін солардың рухына бағышталған бір ескерткіштің бой көтермегені бетімізбен жер бастырады.

Біз, қазақты жер бетінен жойып жіберу үшін, тұқымын тұздай құрту үшін әдейі, қасақана жсалған аштықты, геносидті, репресияны еш қашан естен шығармаймыз! Өйткені, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

Б.Бурыл-Алтай

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Армияндар Осман Империясы кезінде 1 млн армиянды қырды деп, әлемнің біраз еліне мойындатты. Ал 1 млн емес, одан да көп қырылған қазақтарды қазақтар мойындата алмағаны ма? Украиндардың да жағдайы осы.

  2. ТҮбі бір түріктер бірігіп осы мәселені әлемдік деңгейде көтеру керек! Желтоқсан Көтерілісін де?

  3. Kazir Kazakhtar alsiz nege oytkeni bastari birikbey jatir goy bir tudin astina ali jiynalip bitbedik goy tentirektep jana turip kele jathan Kazakhti birah sondireyin deysin der ma? Sogistan Allah sahtasi egerde handay bir sogis shigip jatsa Kazakhstandagi basha ulttar jan jahha haship az gana Kazakh ne istei alad.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар