Қазақ журналистері жаңа медианың сырына бойлады

686 рет қаралды

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Қазақтілді БАҚ тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» атты екі күндік семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг аймақтық және Алматы қалалық журналистерге арналған.

Тренингтің бірінші күні

Семинар-тренингтің басты мақсаты – мемлекеттік тілде жұмыс істейтін журналистер арасында жаңа медиа технологияларының кеңінен таралуына ықпал ету. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің соңғы мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан аумағының 30 пайызы ғана интернетпен қамтамасыз етілген. Интернет пайдаланушылар негізінен республиканың ең ірі қалаларында тұрады. Онлайн-ресурстарға қол жетімділік жағынан Қызылорда, Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстары соңғы орында.

Тренингке қатысушылар пікірі


«Мінбер» қоғамдық қорының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы жоба жайында «Интернет-ресурстардың тапшылығы, кейбір өңірлерде оған қол жеткізудің мүлдем мүмкін еместігі қазақтілді ақпарат құралдарының дамуына кері әсер етуде. Бұл кейбір ақпарат құралдарының бүгінгі заман көшіне ере алмауының басты себебі болып отыр. Сондықтан да, жаңа медиа технологиялары мен интернет-қызметтерін аймақтық журналистер арасында дамыту, кең көлемде тарату қажет. Сонымен қатар, болашақта интернет технологияларын ауыл халқы арасында дамыту көзделіп отыр. Медиатехнологияларды үйрене отырып журналистер әлеуметтік жүйелердің ресурстарын, блогинг пен басқа да коммуникациялық платформаларды пайдалана алатын болады. Бұл журналистердің кәсіби шеберлігін арттыруға көмектеседі, сондай-ақ, бұл ҚазНеттің мемлекеттік тілде дамуына ықпал етпек» дейді.

Тренинг Сорос Қазақстан қоры, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі және ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

«ҚМЭБИ мұндай семинарлардың өткізілгеніне өте қуанышты. Кәсіби журналистиканы қолдау, жаңа ақпарат технологияларын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау біздің қызметіміздің бір парасы болып табылады» дейді ҚМЭБИ әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, мемлекеттік саясат пен басқарудың еңбек сіңірген профессоры Джон Диксон.

Сорос Қазақстан қорының «Жастар бастамасы мен БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының менеджері Айжамал Дүйшебаева: «Сорос Қазақстан қоры журналистерге арналған білім беру қызметін жүзеге асыра отырып, ең әуелі аймақтық БАҚ-ты дамытуға назар аударды. Бұл тренинг медиа құқық саласындағы теориялық негіздердің синтезі мен қазақтілді БАҚ үшін жаңа медиа технологияларының өзекті тәжірибелік машықтарын ұсынып отыр»

Тренинг бағдарламасына блог және әлеуметтік блогтармен жұмыс істеу, мобильді интернетті журналистік қызметке пайдалану секциялары енді. Теориялық бөлімі – медиа құқыққа бағытталды, демек Қазақстандағы жаңа медиаға қатысты заң аспектілері жайында түсінік берілді. Тренингке алдын ала жүргізген конкурс негізінде 40 үміткерден аймақтардан 18, Алматыдан 6 журналист іріктеліп алынды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар