Төріңе шық төртеуім

582 рет қаралды
1

«Шүйінші!» деген Есентайдың дауысы Алатаудың ақ шыңының басына шығып алып айқайлап тұрғандай жаңырығып естілді телефоннан!
«Ал, ал!».

tortemИә, бұл бүкіл қазақ жазирасын жаңғыртқан сүйінші хабар еді. Кеше Есентай мен Назымгүлдің отбасында өмірге келген төрт сәби Нұрайша, Жанайша, Бекайша және Гүлайша қазақ даласын нәрестенің нәрлі іңгәсімен жарыса «Мен келдім!» деп жаңғыртса, бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов мырза жас отбасына Алматыдағы Алатау ауданына қарасты «Айнабұлақ» ықшамауданынан атшаптырым үш бөлмелі пәтердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.

Алаш баласын алқап, Алланың берген төртеуінің төбесі көрінген жерден құрақ ұшып, Алты Алашқа дауысы жеткенінше жар салып, шыр-пыр болып жүгірген «minber.kz» ұлттық интернет газетінің ұжымы да «Төріңе шық төртеуім!» деп ақжарма тілегін айтады! Шаңырағың іші шаттыққа толы болсын, бауырым, отауың ордаға айналсын!

Бір замандары Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады» деген екен. Жартысын бүтін, бүтінін екеу ете алмай отырған қазақ үшін, төрт бірдей сәбидің бір күнде, бір шаңырақта дүниеге келуі «жұртым» дейтін әр қазақ баласының қуанышы еді. Міне, Алматы қаласының әкімшілігі елдіктің белгісін көрсетті! Бәрекелді!!!
Б.Бурыл-Алтай

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар