Интернетті заңмен реттеудің құпиясы

1212 рет қаралды
11

Қазанның 18-інде Алматыдағы «ҚазЖол» қонақ үйінің «Алтын адам» мәжіліс залында «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернет БАҚ-тың дамуына ықпалы» атты тақырыпта арнайы семинар өтті.

Аталған шараны «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігімен бірлесе өткізді. Басқосуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов «Қазіргі заңнамалық ерекшеліктер. Ресми мүмкіндіктер» тақырыбында сөз сөйледі.

Басқосу барысында Қазақстандағы ғаламтор жүйесі мен электронды БАҚ-тың заңнамалық актілері жайында семинарға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары ортаға қойылды. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының төрайымы Есенгүл Кәпқызы «Қазақ газеттерін холдингтендіру: Пайдасы мен зияны» атты баяндама жасап, ел баспасөзінің өзекті мәселері жайындағы зерттеуімен бөлісті. «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау орталығы Сот сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова «Құқықтық сауатсыздықтың салдары» тақырыбында жаңа медиа саласындағы авторлық құқық бұзушылық пен ресми БАҚ-қа теңестірілген ғаламтор желілерінің және блоггерлерді жиі алаңдататын еркін жазбаның заңнамалық жақтан қамтамасыздандырылуы төңірегінде құнды деректер айтты.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығының «Жаңа медианы сараптау” орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай «ҚазНет: Өткені, бүгіні, ертеңі» тақырыбында шолу жасады. Жаңа медианың әлемдік тәжірибеде, батыстағы қоғамдық мәселелер аясында, шетел саяси тұлғаларының оң имиджін қалыптастыру үрдісінде пайдалана бастауын шолу барысында мұқият тыңдаған Мәжіліс депутаты М.Әбенов жақсы бағалап, оны Қазақстандағы жоғары лауазым иелеріне жеткізуді сұрады.

Шарада Республика аймақтарындағы БАҚ дамуына жаңа медианың күнделікті ықпал етуі жайында да сөз болды. Аталған семинар үшін арнайы келген Қарағанды Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Мейрамхан Жәпек облыстағы газет-журналдардың, жергілікті билік өкілдерінің Мемлекеттік тілге көңіл бөлуі төңірегінде және ресми сайттардың сауаттылығы жайында баяндама жасады.

Мейіржан Әуелханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

11 Comments

  1. Жарайсыңдар Мінберліктер, осындай іс-шараларды жиі өткізіңдер.

  2. Семинар өте жақсы өтті. “Мінбер” қазақ журналистикасын алға сүйрейтін бірден-бір күшке айналып келе жатыр. Барлық семинар, тренингтері пайдалы. Асхаттың семинарларынан кейін қазырсеминар, тренингтен қалмайтын болдық. Жарайсыңдар!!! Мінбер алға!!!

  3. Жарайсыңдар, Мінберліктер! Тек алға адымдай беріңдер.Семинарларыңның бірінен бірі өтіп өте маңызды болып жатқаны қуантады. Әсіресе, соңғысындағы баяндамашыларыңыз кілең мықтылар екен.Әсіресе Асхат агай,Мейрамхан,Есенгүл,Ғалия апайлар,обожаю,ценю,уважаю!!!

  4. Абенов мырза,ерлик жасап жур.Семинарда сонына дейин отырыпты. “Минбер” осындай семинарларды неге аймактарда откизбейди,а?Костанайга,Кокшетауга,жолдагы Карагандыга барсаныздаршы. Тек Алматыда откизе бергендериниз дурыс емес!

  5. Осыдан біраз күндер бұын Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында өткен бұл семинар. 18 қазан Алматыда өтіп, кешелі-бүгін ОҚО Шымкент қаласында жалғасып жатыр. Бұйртса ол жақтарға да баратын күн туар.

  6. Бізде Көкшетауда қазақ тілінде журналистерге арналған семинар болғанын естіген емеспін.Ылғи баратынымыз Астана мен Алматы.Ондағылар аймақтан келгендерге ауылдағының аузы … дегендей көзқараста.Тағы бір айтпағым:Астаналық журналистер тренингтің басында отырып,соңына жоқ боп кетеді ылғи…

  7. Қазақ тілді журналистермен тренинг өткізуді ең алғаш “Әділ сөз” қорындағы Ғалия Әженова бастап, бүткіл республика аймақтарын аралап шыққан. Бірақ ол өз еңбегін дәріптетуді мақсат тұтқан жоқ. “Мінбердікі” алған грантын ақтау үшін істеп жатқан шаруалар ғой. “Мінбердің” беті тек оралмандар проблемасына арналып отырады екен. Сірә солардың біреу-міреуі оралман шығар-ау…

  8. Әрине, “Әділ сөз” де, Ғалия Әженова да алған грантын ақтау мақсатында бүкіл Қазақстан территориясын аралаған шығар, өз қаржысын шығарып, аяғынан таусылды дейсіз бе? Ғалия Әженова да белгілі деңгейде еңбегін дәріптеді. Оған біз куәміз.
    Ал, “Мінбер” де оралмандар проблемасы айтылса несі. Бар қазақ менің жалғызым дейтін күн қашан туады екен, жалпықазақтық идеяны қашан дәріптеуге деңгейлерің жетеді екен. Сонымен қатар, мен “Мінбер” бетінен қазақтың барлық проблемаларын оқи аламын. Соған разымын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі