Ұлыстың Ұлық Күні құтты болсын!

721 рет қаралды
2

el tanba 2Қымбатты, оқырман, қадырменді бауырлар, баршаларыңызды «Мінбер.кз» ұлттық интернет газеті ұжымы атынан Ұлыстың Ұлық Күні – 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор ден саулық, баянды бақыт, кетпес ырыс тілейміз! Жолдарыңыз ашық, маңдайларыңыз жарық, әр бір Тәуелсіз таңдарыңыз арайлап атсын! Елім деген, жерім деген, туған ұлтынан жерінбеген, елшіл, отаншыл ұл-қыздарымыздың даңқы артсын! Ел Тәуелсіздігін құрметтеп, оны көзінің қарашығындай сақтаушы әр азаматтың бағы жансын!

* * *

el tanba 5Қазағым қайтты әр қырдан,

Қазаным қайтты –

Әз мұрам!

Тұраным түлеп,

Тұрағым –

Айдай жаңа жаңғырған.

Жолыңа пәк жаным құрбан!..

el tanba 6 Көк Туым таза Ар сынды,

Кебіннен тілім аршылды.

Тәуелсіздік – жұртым-ау,

Шапағатты жар сынды,

Тұмар таққан таң сынды.

Қайтқаны хақ,

Қадамы – ақ,

Қағаным мінген қазан ат.

Тоныкөк тасқа қашатып,

Қағанаттан жазған хат!

Қанағат, халқым, қағанат!

el tanba 1Рухым қайта оралды,

Орындалып ой-арман!

Арқаға қонған алтын тақ,

Тумысын тапқан жоғалған!…

Елдіктен өзге

Ендігі

Алты Алашта жоқ Арман!

Бәрінен де сол арман!

Б.Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Асыл сөзді тауыпсың,
    Алаштың ұлы Бақытбек.
    Нөсерленіп жауыпсың,
    Осы емеспе бақыт тек.

    Тәуелсіздік теңдігің,
    Отанда жанды еңбегің.
    Ақын болып, ғалым боп,
    Қасиетін көрдің теңгенің.

    Дана да дара Бақытбек.
    Саған да тілеп бақыт тек
    Тегі бір текті тентегім,
    Ізгі ниетпен Құрметбек.

  2. ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

    Республикамыздың егемендігін құрметтеу, ұлттық тіл мен мәдениеттің қарқынды дамуын қамтамасыз ету, саяси қайраткерлердің жергілікті тұрғындар арасынан жоғарылауына кедергі жасамау талаптарымен 1986 жылы желтоқсан айында Алматыдағы Республика алаңына халық жиналды. Олардың дені студенттер мен жұмысшы жастар еді. Олар орталық өкілдерін маңызды мәселелерді шешуде жергілікті билік органдарымен есептесуге шақырды. Жастар ойындағысын толық айтып қалуға тырысты. Мәскеудегі орталықтың жергілікті халықпен санаспастан Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбинді тағайындауы көтерілістің басталуына түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертең 300-дей адам жиналған алаң кешке 20 мыңға толды.
    Қазақстан астанасына ІІМ-нің арнаулы әскері жіберілді. 18 желтоқсан күні алаңға әскери училищенің бөлімдері енгізілді. Орталық комитеттің үйі қоршалды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті шекара училищесінің курсанттары да әкелінді. Митингіге шыққан халықты ұстап, жазалай бастады. Олардың біразы арнаулы орындарға, тергеу изоляторларына қамалды. Көтерілісшілерге қарсы сапер күректері қолданылып, үйретілген иттер жіберілді.
    Көтеріліске «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, оған қатысқандар қуғын-сүргінге ұшырады. 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаланды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірнешеуі қаза тапты. Олардың қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар еді.

    “Алаштың ардағы” кітабынан

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі