«Мәңгілік президент» қайдан шықты? Немесе жағымпаздар жарысы

1165 рет қаралды
4

Бұл күнде «Мәңгілік президент» туралы өсек өрттей қаулап тұр. Аңызы қайсы, ақиқаты қайсы, дүлбар болжам да, дүлдараз топта көп. Кімге сенерін, кімге ерерін білмей даурыққандар да аз емес. Ендеше, осы «Мәңгілік президент» қайдан шықты? Толастай бастаған әңгіменің топан суын қайта ағытқан депутаттар болды. ЕҚЫҰ саммиті кезінде аймақтарға аттанған депутаттардың бір тобы президент Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту туралы тың ұсыныспен оралып жұртты тағы да дүрліктірген түрі бар. 2012 жылы өтуі тиіс сайлауға өз кандидатурасын ұсынған саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған оппозицияның сөзіне құлақ түрсек, Елбасы Н.Назарбаев алдағы сайлаудан қорқады-мыс. «Қорқатын Елбасы ма, әлде Жасарал ма, оны да уақыт көрсетеді» деушілер тағы бар. Шындығында Жасаралдың өткен мамырда аштық жариялап, онысын халық та, билікте елеусіз қалдырғандықтан «өлім аузынан қайтқанын» білетіндердің оған деген сенімі 20-30 пайыздан ары бармаса керек. Өз кезінде президенттікке «таласқан» «қуыршақ» топтың ақыр аяғы «спектакль» актеріне айналып тынғанын білетін мына қауым, тағы біреулердің «тамашасына» да таңырқай қоятын түрі жоқ. Дегенменде, мәселенің маңызы мұнда емес, сол «Мәңгілік президенттің» қайдан шыққандығында. Сайлауға түсемін деп қызыл танау болып жүрген Владимир Козловтың айтуынша Назарбаевтың «мәңгілік болуы» оның өзінен көрі де «нөкерлеріне» тиімді көрінеді. Әңгімеміз дәл осы арадан «нөкерлер» нөпірі мен көпіріне қарай ойысады. «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов болса: «Меніңше, жағымпаздар Нұрсұлтан Әбішұлына қалай жағамыз деп жүріп, ертең өздерінің бала-шағасы мен немерелерінің болашағына нұқсан келтірмеу керек», – дегенді айтады. Демек, ендігі жерде ««Мәңгілік президентті» шығарып жүрген Елбасы емес, оның өмірі мен тағын өз ғұмырының қорғанышы еткісі келген әлсіз топтың арпалысы емес пе деген ой туады. Әбден мүмкін! Өткен қыркүйек айында Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Свобода слова» газетіне берген сұқбатында «Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы өтетін президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбақ ниетте», – деп мәлімдеген еді. Оған іле-шала үн қосқан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының орынбасары Дархан Кәлетаев және Қазақстан халқы Ассамблеясында Қазақстан кәрістері қауымдастығының президенті Роман Ким Нұрсұлтан Назарбаевты 2020 жылға дейін президент қызметінде қалдыру туралы ұсынысын айтқан болатын. Ал сенатор Оралбай Әбдікәрімов сол кезде осы мәселеге орай: «Нұрсұлтан Назарбаевтың мәңгілік Мемлекет басшысы болып қалу мәселесі жалпыхалықтық референдумда шешілуі тиіс. Бұл мәселені бірінші кезекте Елбасының өзінен сұрау қажет. Бұл ұсынысқа ол кісі келісе ме екен? Президент бұған келісе қалған күнде де менің пікірімше, мәселені жалпыхалықтық референдумда шешу қажет. Бұл ретте бізге қандай да бір заңдар қабылдап жатудың қажеті жоқ. Мәселені тек референдум ғана шешуі тиіс. Бұл нағыз демократиялық елге тән әрекет болмақ» – деп жауап берген болатын. Ақтөбелік профессор Закратдин Байдосов Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір бойы басқаруын қалайтынын білдірсе, Атырауға сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездескен ҚР президентіне қаладағы №6 мектептің директоры Хамза Ғабдолла: «Сіздің Атырауға әр сапарыңыздың тарихи маңызы бар. Сіздің кемеңгер басшылығыңыздың арқасында Қазақстан шыңнан шыңға көтерілуде. Осыдан кейін сізді неге патша демеске? Бүкіл облыс тұрғындары атынан сіздің мәңгілік президент болуыңызды сұраймын!» -деген еді. Осыдан кейін Павлодар облысындағы «Солтүстік-Оңтүстік» электр желісінің екінші тармағының ашылуына қатысқан Н.Назарбаевқа Екібастұздық энергетик Андрей Рассоха: «Осы жерде жиналған барлығымыз елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауы тек Сіздің арқаңызда мүмкін болғанын біледі. Айтарымыз, бізге басқа президенттің қажеті жоқ» деп тебіренді. Ал, жақында депутаттардың қозғауымен президенттің құзіреттілігін 2020 жылға ұзарту қайта көтеріліп, оны тақырыбына тақия ететіндер тіпті көбейді. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Өскеменде өткен республикалық жиналыста 7 адамнан тұратын қоғамдық топ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу бойынша бастама көтеріп шықты. Бастамашыл топтың төрағасы болып Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов тағайындалды. Олардың қатарында Семей Мемлекеттік университетіні

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. «Елбасымыз, тұңғыш президентімізге Қазақстанды гүлденген мемлекетке айналдыру мақсатында қабылданған өзінің стратегиялық “Қазақстан 2030″ бағдарламасын толық жүзеге асыруға мүмкіндік беруіміз керек. Ол үшін Нұрекемізді 2030 жылға дейін президент жұмысында қалдыруға дауыс берейік баршамыз. Бағдарлама жүзеге асқан соң, Елбасымыз Назарбаевқа “Атақазақ”, яғни бүкіл қазақтың атасы, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалаушы деген құрметті атақ берілсін деген ұсыныс айтам» – дегенді көтереді.

    Назарбаевтың мына “алға тартысымен” 2030 жылға дейін дінімізден дін қала ма, тілімізден тіл қала ма, жерімізден жер қала ма, алдымен соны ойлап алайық та…

  2. Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының орынбасары Дархан Кәлетаев
    —————————————————————————————————–
    Дархан Кәлетаев қазір қайда не басқарып не істеп жүр көкесі !?…Бұл өзі қашанғы жазба???

    Елбасы Н.Назарбаев алдағы сайлаудан қорқады…..
    ————————————————————————————————–
    Бұндай былжыраққа ешкім сенбейді….Сайлауды бұрмаласада ,халқыты алдасада, көзін байлап арбасада ..Бүгінгідеи беделмен өле өлгенше елін басқара береді….

    Бірақ шын елім десе көзі тірісінде Орнына басқаны қойып,тәрбиелеп, ерлік істесе деген жазбаларды оқығам кеп жүргені.Ертең бірдеме бола қалса көзі тіріснде биліке шығармаған басқалар,өшіге жұлқынып ит тірлік еңбегін бұлдіріп тастамасын деген ой тұжырымдыда алға тарту керек сияқты …

  3. Нұрекеңнің президенттік уақытын 2030 жылға дейін отыратын ұсынысыь бар. 2030 бағдарламасын аяқтасын. Осы пікіріме қалай қарайсыздар, оқырман!

  4. ҚР осы деңгейге жеткізген тұңғыш елбасымыз. Ол кісінің еліміздің дамуына қосқан үлесі зор. Өзінің көрегендігімен, асқан стратег екенін көрсете білді және де Қазақстанды әлемге мойындатқыза білген тұлға. Қазақстанның болашағын ойламай жүрген жоқ, сондықтан өзінен кейін ұсынатын лайықты адамы да бар шығар!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері