Қ. Сіләмұлы:Арманым – қазақ елінің туын биіктету

660 рет қаралды
5

Канат1Соңғы жылдары ұлт аты мен мемлекет абыройынның биіктеуіне сеп болар игілік экономика және бай мәдениетпен бірге дамыған спорт та көрсеткіш бола бастады. Міне осы салада қазақтың жұлдызын жарқыратып жүрген азаматтарымыздың бірі – Қанат Сіләмұлы. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында миллиард қытайдың ішінен оза шапқан бауырымыз қола жүлдені еншілеген еді. Қанаттың ендігі арманы Лондон олимпиадасында Қазақ туын желбіретсем болып отыр. Атажұртына біржола қоныс аударып, ендігі кезекте ел намысын қорғауды мақсат тұтқан  Қ.Сіләмұлымен сұхбаттасудың жөні түсіп еді.

 

Атажұтқа табан тіреп, шаңырақ көтеріп дегендей үлкен қуаныштарыңызбен құттықтаймыз. Өмірлік мұратыңызды Қазақ елінде жалғастыру ертеден жоспарыңызда бар ма еді?

 

 

 

p_32Иә, ертеден болған. Қаны қазақ әр азаматтың бойында осындай ой болады деп ойлаймын. Жеке басыма келер болсам, шынын айтқанда, байланып қалдым. Алланың тағдыры ғой, жөні келмеді ертерек келуге. «Ештен кеш жақсы» дейді қазақ. Қытайдың атынан екі рет олимпиадаға шығыппын, өзім де ниет қылып жүргенмін, үшінші рет өз отаным, қазағым атынан шықсам деп. Бұл да бір Алланың бұйрығымен болды. Менің қолымнан келетіні тек қана тырысу.

 

 

 

2012 жылғы Лондон олимпиадасына қамданып жатқан боларсыз?

 

Алла бұйырып, ден сау болса менің қазіргі бар мақсатым осы 2012 жылғы Лондон олимпиадасына қатысу ғой. Осы дүбірлі додаға жолдама алып, қазақтың туын көтеруді ғана армандап жүрмін. Жан-жақты дайындық та керек бұған. Қалғанын алдағы күндер өзі көрсете жатар.

Сіз қытайдың да, Қазақстанның да спорт әлеміндегі қайнаған қызулы ортасын көріп жүрсіз. Қандай да бір айырмашылықтарға көзіңіз жетті ме?

 

 

 

ospan_b1Шындықты мойындасқа амал жоқ. Мейлі қай жағынан алып қарасаңыз да, қазір қытайлар алда  тұр. Қазақстандағы жағдаймен ол жақтағы жағдай екеуі екі басқа. Қытай спортшыларының жағдайы, спорт медицинасының жағдайы болсын, спорт білімі болсын, кәсіби спорт мамандарының деңгейі болсын өте жақсы. Спортшылар мен жаттықтырушылар бәрі ғылыми жүйеге түскен және бәрі дамыған шетелдерден білім толықтырып, оқып келген. Әр спортшының бір басына бес-алты жаттықтырушысы бар. Ол жақта 35 жасқа дейін спортпен еркін айналысуға мүмкіндік бар, ал Қазақстанда болса жиырма жастан асқан спортшылардың шаршап қалғанын көріп жатамыз. Осы жақтарынан алып қарағанда екі елді бір деңгейде деп қарастыра алмаймын.

 

Сіздің осы күнге дейінгі үлкенді-кішілі жетістіктеріңізбен ортақтассақ.

 

Жетістік дегенде, білмеймін енді(күлді), қытай біріншілігін қанша рет алғанымды нақты білмеймін. Қазір ресми он деп жүрмін. Қытай чемпионатын он рет жеңіп алдым. 2000 жылдан бері Қытайда жеңімпаз атанып келе жатырмын. 2004 жылы Азия біріншілігінде чемпион болдым, кейін Афинаға бардық, онда екінші айналымда жеңіліп қалдым. Ал, 2006 жылғы Доха Азия ойындарында үшінші орын алдым, 2007 жылы Чикагода өткен дүниелік додада тағы үшінші орынды еншіледім. 2008 жылы Бейжің олимпиадасына қатыстық дегендей.

Спортта жетістікке жету үшін қарапайым спортшыға не қажет? Оны қалай жетілдіруге болады? Сол қасиет сіздің бойыңызда бар ма?

Бір адамның тағы бір адамнан артып тұрған ештеңесі жоқ. Талай-талай спортшыларды көріп жүрміз. Тек қана тәрбиеде. Тәрбие болғанда бала жастан дұрыс тәрбие, жақсы жаттықтыру болса бәрі болады деген сөз. Баулып, өсіру жақсы болса, ол түбінде өз орнын табады. Ал, өз басыма келер болсам, бәрін Алланың берген қүш-қуаты деп есептеймін. Сосын, шынын айтқанда жақсы тәрбиеші, жақсы ортада  жүрдім осының бәрі маған көп көмегін тигізді деп ойлаймын.

Өз шеберлігіңіздің қыр-сырын інілеріңізге үйрету ойыңызда жоқ па?

Қытайда артымнан ізімді басып жүрген інілерім көп. Ағам да жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Алла қаласа менің ойым кейін сол кісімен бірлікте сол жақта жүрген көптеген талантты жастарды, ізібасар інілерімді осы елге әкеліп, елдің, облыстың әрбір құрамаларына тартып, қазақ елінің намысын қорғатуға қарай бейімдесек деген жоспарымыз бар. Ерте бастан сол жеткіншектерді тәрбиелеп, ұлттың, елдің намысын қорғайтын азаматтар етіп жетістірсем деген арманым бар.

Қарапайым азамат ретінде Қазақ елінің қазіргі күй-жайы туралы не айтасыз?

Шынын айтқандай мен әлі өзімді сырт көз ретінде есептеймін. Қазақ қоғамын толық түсініп кеткенім жоқ. Құдайға шүкір, қазақ елінің жағдайы жаман деп бір адам айтпайтын шығар. Өйткені, қазақ азаматтары кеудесін керіп жүре алады, тәуелсіздігімізге жиырма жылдың жүзі толып жатыр дегендей. Тек Аллатағала осы ырыздығымыздан, маңдайымыздағы бағымыздан айырмасын дейміз. Кезіндегі қаншама ата-бабаларымыз армандап кеткен жеңісті күнге, жарқын күнге қазір біз жетіп, біз көріп жатырмыз. Соның қадірін біліп, өз елімізге, ұлтымызға бір кісілік үлесімізді қосып жүрсек, одан асқан қандай ғанибет болсын, арман жоқ қой!

Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?

Ертең не болады, оны – бір Алла ғана біледі. Дегенмен де жоспар көп, жаңа айтып кеттім, шетте жүрген спортшыларды елге әкелу керек дегендей. Айта кетер тағы бір жайт, негізінде Қазақстанда шыңына шығып, қатты дамыған спорт саласы жоқ, сондықтан болашақта өзімізмің екі жақтан да алған білімдерімізді осы елдің игілігіне жаратсақ деген оймыз бар.

Әңгімеңізге рахмет!

 

 

 

Сұхбаттасқан: Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Тамаша! Қанаттай ұлтжанды азаматтарымыз көбейе берсін! Қытайдағы қазақ арасында әлі талай жұдырғы тас жаратын азаматтар бар! Шетелдегі әрбір қазақ Отанына қайтып келуі тиіс!

  2. Қанат бауыр, қазақтың ішіне қыл айналмайтынын білесің ғой.

  3. Жарайсың Қанат бауырым, әрқашан қазақтың атын әйгілеп, әруақтандырып жүре бер! Саған Алла жар болсын! Қанатың талмасын! Артыңда қара ормандай халықың саған тілекші.

  4. Қанат өзін Бейжіңде жан-жақты көрсете алды.Бірақ Бақыттың бағы басым тұрды.Сол уақыттың тұрғысынан алғанда біз үшін Қанаттың жеңіліс маңызды болды.Себебі алтын бізге ауадай қымбат.Егер Бақыт кубалықты жер жастандырмағанда, біздің бокс әлем алдындағы абыройын жоғалтатын еді.Ал бүгінгі күн деңгейінен алар болсақ Қанатқа тек ғана сәттілік тілейміз!Қанатқа қазақ бұрыннан да тілеулес.Себебі қанымыз бір қазақпыз!Отандасымыздың шеберлігіне дау жоқ.Ол Лондонда тек алтынға лайық!

  5. Құдайға шүкір, қазақта тепсе темір үзетін батырлар мен батылдар аз емес, тек аяқтан шалатындар жоқ болса! Әрбір шетте жүрген бауырларымыз елге оралып өз отаны үшін аямай тер төгіп, биікке жетелесе ол қазақ ұлтының мақтанышы емес пе?! Қанаттай патриот ұлдардың саны көбейсін, алға қазақ жігіттері!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері