Рухымызды асқақтатқан Азиада

929 рет қаралды
1

IMG_3412Бүгін, яғни ақпанның 6-сында Ақ азиаданың жабылу салтанаты болып өтті. Қазақстан бұл дүбірлі доданы да абыроймен аяқтап, медальдар саны жағынан Азиаданың жаңа рекордын тоқтатты. Бұған дейін Азиада рекорды Жапонияға тиесілі болып келген екен.  Қазақстан бұл байрақты бәсекеде 32 алтын, 21 күміс, 17  қола – жиыны 70 медальмен қара үзіп алға шықты.

Командалық есеп бойынша, 13 алтын, 24 күміс 17 қола медальға қол жеткізген Жапония екінші орында. 13 алтын, 12 күміс, 13 қола медальмен Корея үшінші, Азиада түгілі жазғы қысқы олимпиадаларда алдын бермейтін Қытай 11 алтын, 10 күміс, 14 қола медальмен  төртінші, 1 күміс, 4 қола медльмен Моңғолия 5-ші, 1 күміс, 2 қола медальмен Иран алтыншы, 1 қола медальмен Қырғызстан жетінші орынға тұрақтады.

IMG_2750Азиаданың ашылу салтанаты да дүркіреп өтті, жаблыуы да одан қалыспады. Заманауи техника мен ұлттық дәстүріміз үйлескен керемет қойылым әр елден келген  спортшылардың да, көрермендердің де, шетел қонақтарының да көңілінен шықты. Қазақи  стильде өткен ғажайып кеш әр қазақстандықтың бойында патриоттық сезімді лаулатып, шын мәнінде қуанышқа бөледі. «Астана-Аренадағы» тарихи оқиға төрткүл дүниенің  төрт бұрышына тікелей эфир арқылы тарады. Үш жыл бұрын жазғы олимпиаданы өткізген қытайлықтар Астанадағы ашылу салтанатына жоғары баға берді. Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Рогге мен Азия ойындары Олимпиада кеңесінің төрағасы шейх Ахмад аль-Фахад аль Сабахтың және басқа да танымал тұлғалардың алдында жас мемлекетіміздің абыройы артып, рухымыз көтеріліп қалды. Аталған төрағалардың риза болғандары сонша, 2022-ші жылғы  Қысқы олимпиада ойындарының біздің елде өтуіне көмектесетіндерін айтты.

Алған әсерімізді суытпай, құрлықтық жарыстың алғашқы күні спортшыларымыз алтын медальдің алтауын жеңіп алды. Басты қарсыластарымыз Қытай мен Жапониядан оқ бойы  озып кеттік.

 IMG_3145Елімізде енді дамып келе жатқан фристайл спортынан  қаршадай қазақ қызы Жібек Арапбаева мен  Юлия Галышеваны ерекше айта кеткен жөн. Қазақстанның қоржынына қос-қостап медаль салған шаңғышылар Алексей Полторанин мен Михаил Сорокиндер де намысты қолдан бермеді. Ванкуверде күміспен қуантқан Хрусталева екі алтын, 1 күміспен қанжығасын майлады.  Жанкүйеріне нағыз қуаныш   сыйлаған Қазақстанның хоккейден әйелдер құрамасы болды. Өздерінің басты қарсыластары Жапониядан ойын барысында 2-0 есебімен ұтылып жатып, жеңіске жете білді. Ойыншы саны аз болса да шын мықтыға тұсау жоқ екенін Зарина Тоқтиева танытты.Ойын соңындағы буллитта да жалғыз шайбаның авторы осы Зарина болды.

Ерлер құрамасының капитаны Талғат Жайлауов та қазақтың қандай екенін айдай әлемге паш етті. Спорт IMG_2416түрлерінің ішіндегі көркемдерінің бірі мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен де сенімді ақтады.

Азиада аясында өткен жеті  күн ішінде Қазақстан құрамасы 70 медальға ие болды. Оның отыз екісі алтын. Қазақтың көк туы 32 рет желбіреп, Әнұраны 32 екі рет  шырқалды.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Азиада қазақтың маңдайына біткен ырысы болды десек артық болмас.

Нұршапағат Несіпбаев,

ҚазҰУ-дың студенті.

Еркін Қуатайұлының суреттері пайдаланылды.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Нұршапағат,жақсы жазыпсың.Негізі жақсы деген жалпылама нәрсе ғой.Бірақ,маған ұнады.Сенің спортқа деген қызығушылығың әйтеуір бір күні тесіп шығып,жетістікке жеткізер деп сенем.Енді, еліміздегі спорттық шараларға осылай ылғи шолу жасап,жазып тұр.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар