Ғани Қасымовқа "сыйлық"

858 рет қаралды
5

r7Бүгін, яғни 24 наурызда Алматы қаласында сағат 11-де “Рух пен тіл” жастар клубының белсенділері  “Ғани Қасымовқа сыйлық” атты акция өткізді.

Гагарин-Басенов көшелерінің  қиылысында орналасқан президенттікке үміткер “Патриоттар партиясының” лидері, сенатор Ғани  Қасымовтың  сайлау штабының  алдында көптеген журналистер және тіл жанашылары жиналды.

Әрқайсысы сенатордың  қазақ тіліне деген   немқұрайлығына наразылықтарын білдірген арнайы лозунгі жазылған қағаздарымен Ғани мырзаның  шығуын күтіп тұрды…

r8Рух пен тіл” жастар клубының белсенділері бұл акцияны өткізудегі мақсаттарын былайша түсіндірді.: “Патриоттар партиясының лидері,сенатор Ғани Қасымов алғашқыда президенттік сайлауға түсуден бас тартқанымен ,кейін бұл “пікірінен ” айнып, ойда-жоқта ең лауазымды қызметке “үміткер” атанды. Бірақ,оның “президенттікке таласамын” деуінің өзі күлкілі. Себебі, Ғани Қасымовты сенатор қызметіне тағайындаған  –  Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы бір мәселе – Қасымовтың президенттің  өкілдігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдумды ашық  қолдауы.

r2Десек те, қалың  жұртшылық  үшін  үлкен “жұмбақ” –  Ғани Қасымовтың мемлекеттік тіл сынағынан мүдірмей өтуі.

Мемлекеттік тілде бірде-бір мәлімдеме жасамаған,депутаттық сауал жолдамаған сенатор қазақ тілін біледі дегенге кім сенеді? Ешкім!

r5Сонымен бірге ,президенттікке үміткер Ғани Қасымов журналистер мен сайлаушыларға да мемлекеттік тілде сөйлеуге бас тартты. Бұл мемлекеттік тілді ғана емес ,”Сайлау туралы” заңды да қорлау емес пе?

r9Президенттікке үміткерлердің  үгіт-насихат науқанының басталғанына 20 күннен асты. Бірақ, осы уақыттың ішінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген (лингвистикалық комиссияның шешіміне сәйкес) Ғани Қасымов сайлаушылармен қазақ тілінде сөйлесті ме? Жоқ!

Бұл – Қасымовтың мемлекеттік тілден мақұрым екенінен айқын әрі анық хабар береді.

Осы себепті біз бүгін президенттікке үміткер Ғани Қасымовқа тарту алып келдік.  Қасымовқа тартуымыз әрі сыйлығымыз – 1 сыныпқа арналған “Ана тілі” оқулығы. Біз үміткерге мынадай сұрақ қойғымыз келеді: “Бірнеше шет тілін жетік білетініңіз елге мәлім. Бірақ,өз ана тіліңізді 1 сыныпқа арналған “Ана тілі” деңгейінде білесіз бе?! “.

Егер білсе , онда “президенттікке үміткер” “Ана тілі” оқулығын “сайлаушылардан” сыйлық ретінде сақтап қойсын.

Ал білмесе, онда тым құрығанда , мемлекеттік тілді және өзінің ана тілін 1 сынып деңгейінде үйренгені міндет деп білеміз “.

Бірақ,  ұзақ күткен сенатор, президенттікке үміткер Ғани аға орнында болмай шықты!

r6Сенатордың орнына аң-таң  болған Қасымовтың  сайлау алды науқанының  басқарушысы  Гүлдана Нүрпейсова “Неге алдын ала хабарламай келесіңдер?” деген  өкпемен  қарсы алды.

“Ғани Қасымовқа сыйлық” акциясының  мақсатын Жанболат Мамай түсіндіріп,

сыйлықты  Ғани Қасымовқа жеткізер деген үмітпен Гүлдана апайға аманат етіп берілді.

Дайындаған: Айнұр Ракишева

Суреттерді түсірген М.Бекмағанбетов

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Сәлеметсіздер ме! Гагарин мен Басенов көшелерінің қазақ тілде қалай жазылуы керектігін білмегендеріңіз бе жоқ бұл кісілердің кім екенін білмегендеріңіз бе? Құлап жатып сүрінгенге күледі деген екен, тақырыптарыңызға сай мақалаларыңыз да қатесіз жазылса деймін

  2. Өте тамаша! Дұрысы – мемлееттік тілді білмеген адам пезидентте, ел басқара да алмайды. Егер, қазаққа орыс тілді президент керек болса, Мәскеуден-ақ алдыра салатын едік қой. ҒАНИ МЫРЗА, үмітіңізге, ұмтылысыңызға рахмет! Ха,ха,ха! Бүйткен патриоттары бар болсын!!!

  3. Гүлдана Нүрпейсова “Неге алдын ала хабарламай келесіңдер?” дейді, тап біздер бір шәй ішуге келе жатқандай. Орыс тілді көсеміңе рахмет, айналайын Гүлдана. Қазақтың гүлін солдырған, рухын өшіріп, мысын басқан ОРЫС тілі емей немене? Орыстың 20-ші ғасырдағы зобалаңы болмағанда, қазақтар жақсы мен жайсаңынан айырылып, құлдықтың қамытан киер меді? Ақша деген табылады, ьілсіз біреуге қосшы болмай-ақ, кез-келген адам ана тілінде сөйлей білсе, ұлт мұратын түсіне білсме, ОЛ, ЕЛ БАСҚАРА АЛАДЫ, ҰЛТ КӨСЕМІ БОЛА АЛАДЫ!!!

  4. Ғани мырзаға жақсы силық жасапсыздар! Белсенділіктеріізге рахмет. Халық бәрін біліп, жүр. Ғани ға , Мырзатайға күліп жүр. Жалпы, сайлау процедураларында ашықтық жоқ.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі