/

Интернетте қазақтілді контентті қалай дамытамыз?

2219 рет қаралды
4

Маусымның 28-інде Алматыда Қазжол қонақүйінің “Алатау” конференц залында АҚШ елшілігінің қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы мен “MediaLab” медиа коммуникация орталығының ұйымдастыруымен “Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары” атты дөңгелек үстел өткізілді.

Оған АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Майкл Сноуден, ІТ мамандары, блогшылар және қазақтілді ақпарат агенттіктерінің редакторлары, журналистер қатысты.

Дөңгелек үстелде талқыланған басты мәселе – қазақтілді контент көп шоғырланған wordpress.com тұғырнамасының Қазақстан билігі тарапынан құрсаулануы және оның қазақтілді контентке әсері жайлы. “Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары” атты баяндама жасаған “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы жанынан құрылған “Жаңа медианы зерттеу орталығының” жетекшісі Асхат Еркімбай wordpress.com блогтұғырнамасының неге бір ай бойы жабылып қалғаны жайында қарапайым блогшы Аршат Оразов Байланыс және ақпарат министріне сауал жолдаған екен. Байланыс және Ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев бұған арнайы жауап беріпті. Төменде назарларыңызға осы сұрақ-жауапты ұсынып отырмыз.

Бірақ, Асхат Еркімбай бұл шешімнің асығыс болғандығын айтады. Біріншіден, wordpress.com блог тұғырындағы барлық блогтардың бір IP адрестен тіркелу мүмкін емес дейді. Өйткені wordpress.comға тіркелушілер әр өңірден болған. Екіншіден, министрдің жауабында айтлыған екі блогтың біреуі www.djamat.wordpress.com атты адресс мүлдем тіркелмеген. Ал www.caucase.wordpress.com атты блог Ресейлік контент екендігі анықталған.

Демек, Астана қалалық Сарыарқа ауданы сотының wordpress.com-ды құрсаулау туралы шешімі тым асығыс болған.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде ағылшынтілді өнімдерді қазақшаға аудару және олардың аудару сапасын бірге талқылау жайында әңгімелер болды. Бұл жайында ІТ мамандарының бірі Бақытгүл Салыхова “Бағдарламаларды локализациялау” атты баяндамасында қазақ тіліне аударылған (энтузиазистер аударған) ағылшын тіліндегі тұғырнамалар жайында және онлайн сөздіктер жайында ой қозғады. Оған ой қосқан Қазақстанның Интернет қауымдастығының атқарушы директоры Әсет Нұрпейісов wordpress.com  тұғырнамасының қазақша аудармасы жайында сөз қозғадды. Осы орайда бұған дейін бұл блог тұғырнаманың аударылғандығы және ондағы аударылған қабылданған сөздерді қайта аударудың және басқа терминдерді ойлап табудың қанша қажеті бар деген ойлар айтылды. Сөйтіп дөңгелек үстелге қатысушылар Интернетті пайдаланушылардың ортақ клубын құрып, айтлған проблемаларды шешудің жолдарын бірлесе іздесуге келісті.

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Майкл Сноуден қазақтілді контент жайында қызыға тыңдап отыр

Семинардың басталуы

Асхат Еркімбай wordpress.com жайлы министрдің хатымен таныстыруда

Дөңгелек үстелді қорытындылаған “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы жоғарыда айтылған проблемалардың басын қосып жиналғандар атынан арнайы ұсыныс хат дайындап, Байланыс және ақпарат министрлігіне және Қазақстан Парламентіне хат жолдайтындығын жеткізді.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Қазақ тілді контентті пайдаланушылар жылдан жылға көбеюде. Қателеспесем, ресми дерек бойынша пайдаланушылар саны 5 млн.-ға жеткен. Ойланып қарасақ, бес млн. – шағын аудитория емес. Ал енді “миллиондаған тұтынушының сұранысын қанағаттандырып отырмыз ба?” деген заңды сауал туындайды. Жоқ, әлбетте. Бізде АйТи саласында “жүйелі” дейтін түсінік әлі жоқ. Болмаған. Қалыптаспаған. Не стратегия жоқ, не бағдарлама жоқ.
    Негізінен контентті дамыту, локализациялау жұмыстарын “Қазконтент” жүргізуі міндетті ғой. Өкініштісі сол “Қазконтенттің” немен айналысатыны беймәлім. Және қазақ тілді контентті дамытудағы игі бастамаларға ешқандай кедергілер (құрсаулау) болмауы керек сияқты. Ол блог жүйесі болсын, яки басқа болсын.
    Қуантатыны, қазақ блогшыларының табандылығы. Осы орайда біршама жылжу бар екені анық…
    Аталмыш мәселелер мен проблемар жайында “АйТи аясында қазақ мүддесі кенжелеп қалды” деген мақаламда жан-жақты әрі ашып жазуға тырысқанмын.
    Қысқасы, тығырықтан шығу үшін мемлекет тарапынан едәуір қолдау көрсетілуі керек. Қолдаудан бұрын, қызығушылық болуы тиіс деп ойлаймын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар