Мемлекет және қоғам қайраткері Салық Зиманов өмірден озды. Қазыналы қартымыздың арты қайырлы болсын! С.Зиманов 1921 жылы ақпанның 19-ында туған. Соғысқа дейін мұғалім болып еңбек етті. 1940 жылы Салық Зиманұлы әскер қатарына шақырылады. Ал Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол Бас Кавказ жотасында жаудың жолын бөгейді. Бұдан кейін Кеңес Одағы әскерінің құрамында Кубань, Воронеж, Харьков, Кировоград, Кременчук қалаларын азат етуге, Данциг, Кенисберг қалаларын алуға қатысқан. Осылайша Берлинге де жетіп, жеңіс туын қадауға үлес қосты. Полк штабының бастығы болған гвардия майоры Салық Зимановтың майдандағы ерлік жолы І-інші және ІІ-інші дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және көптеген медальдармен, соның ішінде «Кавказ қорғанысы үшін» медальмен бағаланған. Соғыстан кейін Бүкілодақтық заң институтының Қазан филиалын және КСРО Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын ойдағыдай тәмамдады. С. Зиманов – заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Ол – көрнекті юрист-теоритиктердің бірі, танымал мемлекет зерттеушісі, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ой тарихының шежірешісі, қазақтың әдет-ғұрып құқығының білгірі, әрі республикадағы философия мен құқық ғылымын, сондай-ақ оқу-ағарту ісін ұйымдастырушы.
Академик Салық Зиманов өмірден озды

Соңғы жазбалар
Фото: www.gov.kz Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары туралы тарихи жадыны сақтауға ерекше мән береді.
Фото: pixabay.com Бұл туралы Қазан қаласында өтіп жатқан Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі
Фото: www.istockphoto.com Туризм және спорт министрлігі «Туризм саласында жиі қойылатын сұрақтар» айдарында аталған мәселеге қатысты жан-жақты
Фото: www.gov.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Фото: www.gov.kz Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
1970 жылдары дара билеуші компартияның тасы өрге домалап тұрған кезі еді. Қоғам еркіндігін, адам еркіндігін шектеп,
Қазақ баспасөзі XIX ғасырдан бастау алса да, бүгінгі күні ол жаңа сын-қатерлерге тап болып отыр. Youth.kz
Оралда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы мен бірқатар қызметкері ұсталды деп хабарлайды halyqstan.kz Куәгерлердің айтуынша,
Халықаралық саясатқа қазіргі дағдарыс бұрын-соңды бүгінгідей тығырыққа тірелмеген секілді. Батыс саясаттанушылары Трампты “Madman” ауруына шалдыққан адам
Қазақстан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында консулдық мекеме ашу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн
Беу, ЖАЛҒАН дүние-ай! Марқұмның жатқан жері жайлы болсын! Топырағы торқа болсын!
Ия, Алланың нұры жаусын, топырағы торқа болсын…