//

Ертең «Динамоны» қабылдаймыз

1272 рет қаралды
1
Қанат, кеткен есені қайтар!
Қанат, кеткен есені қайтар!
Қанат, кеткен есені қайтар!
Қанат, кеткен есені қайтар!

Дүниежүзілік бокс сериясының аясында екі жекпе-жек кешін өткізіп, екеуінде де жеңілген «Астана арландары» ертең Мәскеудің «Динамосын» қабылдайды. Бұл жекпе-жек кешінде шаршы алаңға қай боксшылардың шығатындары белгілі болды.

Біздікіне қарағанда, мәскеуліктердің жағдайы тәуірлеу. Алғашқы айқастарында бұл ұжым «Мумбай жойғыштарын» қабылдап, 5:0 есебімен Үндістан клубын тас-талқан етіп ұтқан. Дегенмен артынша АҚШ-қа барып, «Лос-Анджелес жауынгерлерінен» 1:4 есебімен жеңілді. Енді мәскеуліктер америкалықтарға жіберген есесін Астанада қайтармақшы. Бірақ жерлестеріміз де қарап қалмас. Ресейліктер 54 келі салмақ дәрежесінде Ануар Юнусовты шар­шы алаңға шығармақ. Тәжікстандық бұл боксшы бүгінде 56 салмақ дәрежесінде АІВА рейтингін бастап тұр. Азияның екі дүркін жеңімпазы. Бейжің Олимпиадасында ширек финалға дейін жетіп, биыл Бакуде өткен  дүниежүзілік біріншілікте қолаға қол жеткізген. Ал оның қарсыласы — өзбек арланы Рафик Султонов. Әуесқой бокста аса биіктен көріне алмаған Рафикжонның бағы «Астана арландарында» ашылар ма екен?! 61 келіге дейінгі салмақта ресейлік­тер Эдуард Хусаиновқа сенім артып отыр. Биыл Ресейдің жастар біріншілігі жеңімпазы атанды демесеңіз, пермьдік бұл жігіт әуесқой бокста да, кәсіпқой жұдырықтасуда да әлі ысыла қойған жоқ. Сондықтан былтыр көрермен көзайымдарының бірі болған Мерей Ақшаловқа құрдасымен жұдырықтасу аса қиындық туғызбайды деген сенімдеміз. Бокспен шұғылданғанына жиырма жылға жуықтағанымен, Александр Ивановты да Ресейдің мықты боксшыларының қатарына жатқыза алмаймыз. Оның үстіне, 73 келіде жұдырықтасатын Ивановтың қарсыласы Қанат Ислам болмақ. Ал Данияр Үстембаевқа қиындау болатын түрі бар. Оған Украинаның бірнеше дүркін чем­пионы Олександр Гвоздик қарсы шығады. Бакудегі әлем чемпионатында Лондон Олимпиадасының жолдамасын қалтасына салғанымен, ширек финалда ресейлік Мехонцевтен жеңіліп, медальсіз қалған Гвоздик енді өз бағын жартылай кәсіпқой бокста да сынап көрмекші. Алыптар айқасында Руслан Мырсатаев пен Сергей Калчугиннің жек­пе-жегін тамашалайтын боламыз. Үнемі болашағынан зор үміт күттіретін дарынды боксшылардың қатарына жатқы­зылып келгенімен, Ресей чемпионатының алтынына қол жеткізе алмай жүрген Калчугин Мырсатаевқа қарсы қандай амал қолданар екен?!

«Астана арландары» (Қазақстан) – «Динамо» (Ресей)

50-54 келі: Рафик Султонов – Ануар Юнусов

57-61 келі: Мерей Ақшалов – Эдуард Хусаинов

68-73 келі: Қанат Ислам – Александр Иванов

80-85 келі: Данияр Үстембаев – Олександр Гвоздик

91+ келі: Руслан Мырсатаев – Сергей Калчугин.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі