Киберқылмыстың халықаралық ауқымы

799 рет қаралды

Мақаланың басы алдыңғы аптада жарияланды

Авторы: Дэниел Ларкин

Интернеттегі сауда-саттықтың салдарынан онлайн режимде де қылмыс кездеседі. Құқыққорғау мекемелері ғаламтордағы қылмысты тізгіндеу үшін жаңа әдіс-тәсілге көшті.

Дэниел Ларкин – Федералды Іздеу бюросы жанындағы  Интернеттегі заңсыздықтармен байланысты арыз-шағымды қарастыру орталығы бөлімінің жетекшісі.

Интернеттегі заңсыз әрекеттерге қарсы арыз-шағымды қарастыру орталығы сонымен қатар Нигерияның экономикалық және қаржылық қылмыстарына қарсы тұру комиссиясы тәрізді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Себебі бұл елде 419 әдіс деген атпен танымал алдын ала төлем жасау арқылы ақша жымқыру, алаяқтық әдістер мемлекетке үлкен залалын төндіруде.

Фотомонтаж: Интернеттегі заңсыз әрекеттерге қарсы арыз-шағымды қарастыру орталығы сонымен қатар Нигерияның экономикалық және қаржылық қылмыстарына қарсы тұру комиссиясы тәрізді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істейді.(Барлық суреттер AP/WW тиесілі; Веб баннер Нигерияның экономикалық және қаржылық қылмыстарына қарсы тұру комиссиясының рұқсатымен жарияланып отыр)

Нигерияның Қылмыстық кодексінің 419- бабын бұзатындықтан өзге адамның алдын ала жасаған төлемі арқылы алаяқтық жасау қылмысы 419 әдіс деп аталып кеткен. Бұл әдіс бойынша адамға Нигерия үкіметінің ресми тұлғасы немесе Халықаралық белді бір ұйымның атынан үлкен көлемдегі соманы шетелдегі банктің есеп-шотына өз атынан аударуға жәрдемедесуін сұрайды. Әрі сол соманың белгілі бір бөлігі сол кісіге тиесілі болатынын хабарлайды. Аталған әдістің ұстанған басты мақсаты хат жолдаушы адамға ақшаны бөліп-бөліп жіберу.

Нигерияда аталған қылмыс өршіп кеткендіктен арнайы комиссия құру қажеттілігі туындады. Соңғы өткен жарты жылдың ішінде осы және Интернеттегі заңсыз әрекеттерге қарсы арыз-шағымды қарастыру орталығы мамандарымен бірлесе отырып Батыс Африкадағы заңсыз тауарларды тоқтатып, көптеген заңсыз тауарлар табылды.

Орталық сонымен қатар Интернеттегі қылмыспен күресетін канадалық ұйыммен (РЕКОЛ) бірлесе жұмыс істейді.  Бұл ұйымның жұмысына канадалық полиция мен өзге құрылымдар жәрдемдесіп, «Ақ жағалылар» қылмысымен күрестің ұлттық орталығы жетекшілік етеді. РЕКОЛ халықаралық, федералды және аймақтық құқық қорғау және реттеу органдары мен экономикалық қылмыс туралы заңды түрде қызығушылық танытқан коммерциялық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас орнатқан.

Киберқылмыспен күреске көптегін ірі халықаралық құрылымдардың топтары жұмылдырылған. Интернеттегі заңсыздықтарға қатысты арыз-шағымдарды қарастыру орталығы Австралия мен Ұлыбритания тәрізді өзге де елдердің құқық қорғау ұйымдарымен бірлесе жұмыс істейді. Орталықтың өкілдері «үлкен сегіздіктің» (Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония , Ресей және Ұлыбритания) жоғары технологиялардағы қылмыстар бойынша отырыстарына тұрақты түрде қатысады. Себебі оның мақсаты киберқылмыспен күрестегі әлеуетті арттыру екені даусыз.

Интернеттегі заңсыздықтарға қатысты арыз-шағымдарды қарастыру орталығы мен Ресурстардың бірлігі мен кибернетикалық бастамалар бөлімінің алдында тұрған міндеттер күн өткен сайын күрделеніп келеді. Орталықтың қызметкерлері қай әдістің тиімді екенін анықтау үшін ұдайы сараптамалық жұмыстар жүргізеді. Киберқылмыс туралы қажетті жаңа мәліметтерге қол жеткізу үшін олар ұдайы қажетті мамандарды іздестіріп, киберқылмыстың алдын алудың жаңа жолдарын қарастырады. Интернеттегі заңсыздықтарға қатысты арыз-шағымдарды қарастыру орталығы бұл көкейкесті мәселелерді ұдайы назарында ұстайды.

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар