///

Есенгүл Кәпқызы: Ой түбінде жатқан сөз

1809 рет қаралды
9

 esenҚұрметті, Мінбер ұлттық интернет газетінің оқырман, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Қазығұрт» баспасынан жуықта ғана «Мінбер» журналистерді қолдау қоғамдық қорының президенті, газетіміздің бас редакторы, белгілі журналист Есенгүл Кәпқызының «Ой түбінде жатқан сөз» атты кітабы жарық көрді. Автор бұл кітапта елдің мәңгі мұраты – ұлттың ұлт болып ұйысу жолындағы шытырман белестері жайында сөз қозғайды.Назарларыңызға «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың осы кітапқа жазған «Алғы сөзін» ұсынып отырмыз.

Қазақ журналистикасы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда бұрынғы уақыт пен кеңістік әлемінде еркін шарлай алмайтын өрісі тар, шеңбері шектеулі, қамтитын тақырып аумағы өлшемді, тотаритарлық заманның тізесі батқан, тікені қадалған, цензурасы басым күйден босанып нағыз сөз өнерінің ақиқатты айтатын өмірдің кезкелген саласының қалтарыс-бұлтарысына қаймықпай еніп, еркін сөйлейтін қоғамның ең белсенді мүшесіне айналды. Сонымен қатар заманға сай әлемдік талаптар үдесіне қанағаттанарлық жауап бере алатын, қарыстап дамып отырған жаңа  дәуірдің техник-технологиясын жеттік меңгерген кәсіби шеберлігі ешкімнен кем  түспейтін, өркениетті елдердің осы саладағы қол жеткізген бай тәжірибесінен үйреніп, бойына сіңірген, танымдық талғампаздығы жоғары, қазақ қоғамының ғаламдық кеңістіктегі орны мен өресін саралап, сараптап, талдау жасап дұрыс әрі шынайы анықтай алатын, халық сенетін, сенім артатын, билік   пен бұқара арасындағы алтын көпір дәрежесіне жетті. Соның үшін де журналистиканы бүгінгі қоғамның төртінші билігі атайды. Демек, оның қоғам алдында жүктеген міндеті мығым, жүрер жолы күрделі, арқалаған аманаты ауыр, атқарар қызметі мол деген сөз. Ал осы бір аса салмақты, зор  мақсатқа жетіп, мүддеден мүдірмей шығу журналист үшін үлкен сын.

Бүгін оқырман қауымға жол тартып отырған Есенгүл Кәпқызының «Ой түбінде жатқан сөз» атты кітапбы  осы сауалдарымызға  жауап береді. Бүгінгі заманауи қазақ жуналистикасының ХХI ғасырдың алғашқы ширегіндегі тынсыс-тіршілігін,   бағамдап, оның қоғам өміріндегі орнын сипатауға,  сол кезеңнің шынайы өмірін қоғамның қуатты құралына айналған баспасөз бетінде қалай беріліп, алай тазаығ тартылғанын автордың осы кітапқа енген әр жылдары жазған жазбаларынан толық байқауға болады.

Есенгүл Кәпқызы қазіргі қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасымен айқындалған, белгілі орны бар белді журналистердің бірі, филология ғылымдарының кандидаты. Жирмадан астам жыл журнаистика саласында жинақтаған өмірлік тәжірибесін жас журналист мамандарды даярлауға арнап, әсіресе олардың заманауи медиа үдерістерді игеруге ерекше назар аударып жүрген ұстаз. Оның бұған дейін жарық көрген «Сөз шыны», «Жырақта қалған тағдырлар» кітаптары да көпшілік көңілінен шыққан, қазақ қоғамының қайта қалыптасу кезеңіндегі заманның тыныс-тіршілігін әрлеп-әсірелемей, бояп өңдемей, қаз-қалпында, дәйек-деректі, көп сөзділігі керенау, айтары анық, берері мол туындылар болды.

Бүгінгі қазақ журналистеріне қойылып отырған қоғамның  негізгі талаптардың бірі тәуелсіздікке ие болған егемен елдің ірге тасын берік бекемдеп, оның күш-қуатын нығайтуға, соған  жұртты жұмылдыруға бар жігер-қайратын жұмсау мен қатар халық санасын ұзақ жылдарға, бір неше ғасырға созылған басыбайлы отарлықтың сіңірген зардап, зиян-залалдарынан аршып, бойын өрттей жайлап, қан тамырларына дейін дендей еніп, жүйке-жүйесін жаулап алған құлдық психологиядан тазартуға ат салысу болса керек. Осы тұрғыдан келгенде  отаншыл, шын ұлтшыл, кәсіби шеберлігі шыңдалған, тәжірибесі мол, талғамы биік, азаматтығы айқын, ерен еңбек иесі Есенгүлдің бір шама табыстарға қол жеткізгендігін осы кітапты оқу барысында көз жеткіземіз.

Кітап «Ой түбінде жатқан сөз» деп қауымға белгілі тіркеспен аталғанымен ол тек бір журналистің қоғам, ел,  өмір, тіршілік, заман туралы жазған субъекті ой-толғам, толғауларының жиынтық құрамасы емес, бүгінгі қазақ қоғамының күнгейі мен көлеңкелі өмірінің, алға қарай іркіліссіз қадам басқан жасампаз жолдарының, соны соқпақтарының тыныс аурасының жарқын айнасы деуге әбден лайық. Мынау жаһандану дәуірінде көз ілеспес жылдамдықпен екпін алған иновациялық үдерістер тұсында жер жүзінің кезкелген түкпірінен толассыз құйылып, төгіліп жатқан ақпараттарды дер кезінде дұрыс, нанымды, шынайы сараптап,  арасынан ұлттық жол тауып, өзіндік бет-бейнесін анықтап, озық технологиялармен жарысқа түсіп,  халықаралық журналистиканың өай саласының болмасын тең дәрежеде бәсекелестікке түсу, сол бір ақпараттар ағына араласып, адасып кетпей биіктен көріну бүгінгі  қазақ журналистерінің мұраты болса керек. Есенгүл Кәпқызы міне, осы талап-тілектен шыға білген журналист. Не жазса да, қай тақырыпты қозғап, қамтыса да  ол Қазақ Елінің халқы мен жерінің біртұтастығы, бірлік-берекесімен, ұйтқы ұлттың ұлы тұғырлары тіл мен ділдің  бүгіні мен болашағына көңілі алаң, күрделі көкейкесті мәселерімен ұштасып, сабақтасып, бір-біріне жалғасып жатады. Әр бір жазбасы қай қырынан алсаңда  ширақ әрі тартымды, дерегі мен дәйегі жеткілікті, жан-жақты сарапталып, талданған, қысқа да нұсқа, көздеген нысанына дөп тиіп жататын, кәсіби сүзгіден өтіп, ерекше екшелген, қорғасындай қою, мәйекті ой, мәнді пікір, халқына, елін-жеріне қажетті мәліметтер ұсынады. Қолдарыңыздағы «Ой түбінде жатқан сөз» атты кітап осының жарқын көрнісі болмақ.

Темірғали Көпбаев

 Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

9 Comments

  1. Есенгүл қарындасым, өнерің үстем болсын, біз сенің ел үшін шырылдап жүрген даусыңды естіп қунып жатамыз. Алла соған мықты денсаулық берсін!

  2. Есенгүл апай, мен студентедім, кітабыңызды қайдан алуға болады. Көмектесе аласыз ба?

  3. “Мінбер” ұжымы да сізге шығармашылық табыс тілеп, шын жүректен құттықтайды!

  4. Есенгүл апай құттықтаймын! Табыстан табыска жете беріңіз! СДУ студентіңіз

  5. Шығармашылығыңыз шыңдала берсін, Есенгүл апай! Енді бұл кітапты СДУлық студенттеріңіз қалай және қайдан таба алады?

  6. Құттықтаймыз!
    Жақсы бір кітап – шын мәнінде ұзақ жылдардың есебінен ғана жинақталып жазылып, кешігіңкіреп жарық көріп, керісінше тез тарамақ. Өмірді өзек еткен, айтылуға асық, терең ” Ой түбінде жатқан сөз” – тек игілікті, ізгілікті еңбек санатында бағалануға әбден лайық.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі