//

Қытайдан келетін қазақтар ҮШІН…

604 рет қаралды

vizaҚытайдан келетін қазақтарға берілетін визаның кіру уақытын Қазақстан тарапынан 3 үш айға дейін қысқарғандығы, олардың Қазақстан аумағында тұрақты тіркелу, азаматтығын алуға әжептәуір кедергі келтіріп келгені «Түркістан» газетінде жазылған еді. Осыған Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі үн қатып, Қытайдан келетін қазақтарға берілетін визаның уақытын бір жылға созған екен. Қазақстанның ҚХР ШУАР аймағының Үрімжі қаласындағы Қазақстанның Виза және төлқұжат бөлімінің бастығы Ерлан Ибрагимовқа хабарласып, осы ақпараттың рас-өтірігін анықтап беруін сұраған едік. Ерлан мырза соңғы бір ай көлемінде Қытайдан келетін азаматардың визасын 1 жылға беру үрдісі қолға алынғандығын және ол тек ұлты қазақ азаматтар үшін жүзеге аса бастағандығын мәлім етті.

«Түркістан» газеті жиі әңгіме етіп жүргеніндей, Қазақстанға кіру визасы уақытының аздығы және оның ары қарай созылмауы Қытайдан келетін қазақтардың Қазақстанда тұрақтап қалуына және тіркелуіне, азаматтығын алуына кәдімгідей тосқауыл болып келген болатын. Бұл проблеманың шешілуі – көші-қон саласындағы қордаланған біраз мәселелердің басын ашатын болады.

Е. КӘПҚЫЗЫ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі