/

Мемлекеттік тілді дамыту қоры: интернет-сайттар арасында байқау жариялайды

558 рет қаралды

 «Қазақтілді сайттардың ұлттық премиясы» байқауының ережесі

18.09.2013, 7:31

Мемлекеттік тілді дамыту қоры

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай еліміздің ғаламтор кеңістігінде мемлекеттік тілде ақпарат тарататын

интернет-сайттар арасында

байқау жариялайды.

 

«Қазақтілді сайттардың

ұлттық премиясы» байқауының 

ЕРЕЖЕСІ

Байқауды ұйымдастырушы: Мемлекеттік тілді дамыту қоры

 

Байқаудың мақсат-міндеттері: 

БАКҚазақстандағы интернет жүйесінің қарқынды дамуына, соның ішінде ақпараттық ресурстар мен сервистерді дамытуға, қоғамның ақпараттық мәдениеттілігін жоғарылатуға, желілік қауымдастыққа жаңа пайдаланушыларды тартуға,  қазақтілді үздік ресурстардың Интернет желісіндегі танымалдылығын арттыруға ықпал ету.

Байқауға тәуелсіздік жылдары қалыптасқан құндылықтарымызды үздіксіз насихаттап, мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту мақсатымен қоғам өмірінде белсенділік танытып, өткір де өзекті мақалалар жариялап жүрген интернет сайттар қатыса алады.

Байқаудың міндеті:

– Елімізде қазақ тілінде ақпарат таратып, қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, талдап-сараптап, өз оқырманына шынайы ақпарат жеткізуде белсенділік танытып жүрген үздік интернет ресурстарын қолдау;

– Қазақтілді интернет ресурстардың жұртшылықтың, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін, тілі мен мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықтарын қалыптастыру мен арттырудағы рөлін айқындау;

– Сайт қолданушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) белсенді пайдалануға жұмылдыру.

 

Байқау номинациялары:

–          «Өткір тіл – мемлекеттік тілді және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт»;

–          «Рухани азық – әдебиет пен мәдениетті насихаттаушы үздік сайт»;

–          «Терең ізденіс – қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт»;

–          «Шынайы өмір – қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруші үздік сайт»;

–          «Спорт тынысы» – салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт».

Байқау талаптары:

–          Ғаламтор кеңістігінде кемінде бір жыл бойы жұмыс істеп, қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады;

–          Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз, қоғамдық сайттар қатыса алады;

–          Байқауға мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.

Байқау шарттары: 

–          Сайт ақпараттарының тек қазақ тілінде таратылуы;

–          Қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі;

–          Патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі;

–          Сайттағы материалдардың жиі жаңартылып отыруы;

–          Сайтты қолданушылар санының аз-көптігі;

–          Порталда жарияланған материалдардың қоғамда қызу талқыға түсуі;

–          Сайт дизайнының портал ұстанымына сай безендірілуі;

–          Әлеуметтік желілерге, олардың ішінде Twitter, Facebook, ВКонтакте және т.б. шығу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі есепке алынады және зерделенеді.

Байқауға қатысу үшін төмендегідей материалдар жолданады: 

  • Сайттың домендік атауы;
  • Сайттың бас бетінің скриншоты;
  • «Zero рейтингтік компаниясы» ұсынатын сайт қолданушылары туралы бір айлық сандық көрсеткіш;
  • Сайттың бас редакторы мен ұжымы жөнінде қысқаша мәлімет;
  • Сайттың бағыты мен тарихы туралы қысқаша ақпарат;
  • Ұжымның қол жеткізген жетістіктері туралы мәлімет.

 

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ШАРТТАРЫ: 

Байқау жеңімпаздарын қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, қаламгер-журналистер мен сала мамандарынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.

Байқауға ұсынылатын материалдар 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін  мына мекен-жайға жолдануы тиіс: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер Үйі», 5-кіреберіс, 906 бөлме, Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Қазақтілді сайттардың ұлттық премиясы» республикалық байқауына.

Байқау материалдарын: info@qazaq-found.kz электронды адресіне жіберуге болады.

Қазылар алқасының сараптауынан өтіп, үздік деп танылған жеңімпаз интернет-сайттар 2013 жылғы желтоқсанда Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында анықталады.

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді (қосымша хабарланады).

Байланыс телефондары: 74-29-09, 74-36-97

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі