/

«ПРОТОН-М» ҚАЙТА ҰШЫРЫЛМАҚ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫ БҰҒАН ҚАРСЫ

1132 рет қаралды
5
протон«Роскосмос» жетекшісі Владимир Поповкинге сілтеме жасай отырып, «РиаНовости» ақпараттық агенттігі биыл жыл соңына дейін 4-5 зымыран тасығышы ұшырылатындығын мәлім етті. «Егер бір ұшырылымға дайындалу үшін, үш апта қажет болатын болса, жыл аяғына дейін 4-5 «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру жос­парланып отыр» деген ол журналистерге берген сұхбатында. Ең қызығы, «Роскосмос» жетекшісі Байқоңырдан мамандардың улы гептилдің ешқандай салдарын таппағандығын айтады:

«Ресей және қазақстандық ма­мандар апат болған жерде жә­не оған жақын елді мекендерде­ экологиялық мониторинг жасады. Байқоңыр, Төретам және Ақай елді мекендеріндегі ауаның, судың және топырақтың құрамынан зымыран отынының және оның бөлшектерінің концентраты тиісті нормадан артық табылған жоқ» дейді «Роскосмос» төрағасының орынбасары Александр Лопатин. Ал, Владимир Поповкин гептил қоспасының нормадан тыс үш жері ғана бар деді.

Естеріңізде болса, биыл 2 шіл­деде Байқоңырдан ұшырылған ке­зекті «Протон-М» зымыран тасы­ғышы апатқа ұшырап, қазақ даласына 600 тонна гептил төгілген болатын. Содан бері осы мәселенің анық-қанығын зерттеу мақсатында екі ел вице-премьерлерінің же­тек­шілігімен мемлекетаралық ко­миссия құрылған. Александр Лопатиннің сөзіне қарағанда, ко­миссияның алдын-ала жасалған қо­рытындысы, гептилдің қоғамға, соның ішінде адам денсаулығына ти­гізер еш зияны жоқ дегенге­ са-йып тұр. Тамыздың орта шенінде ҚР Қоршаған ортаны қор­ғау министрі Нұрлан Қаппаров үкі­мет­тік комиссия отырысында «Бай­қоңырдағы «Протон-М» апатының сал­дарына қатысты мәселелер ше­шілмейінше, оның қайта ұшы­рылуы туралы әңгіме қозғалуы мүм­кін емес» деген болатын. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президентінің тұрақты өкілі Рзақұл Нұртаев Қазақстанда қа­зір «Зымыран-тасығыштарды ұшы­рудың қоршаған ортаға әсері» және «Зымыран-тасығыштарды ұшы­рудың халық денсаулығына әсері» атты екі бағдарламаның жұ­мыс істеп жатқанын айтты. Бұл бағ­дар­ламалар бойынша, Қазақстан және Ресей ғалымдары әрбір алты ай сайын қоршаған орта мен халық денсаулығына гептилдің кері әсерін зерттеп отыруды қолға алған. Мәселен, Қарағанды облысының Ұлытау ауданының халқына жүр­гі­зілген зерттеу нәтижесінде, олар өз­деріне қажетті ем-домды ала бас­таған. Қызылорда аймағын тұрақты түрде дамыту жөніндегі қо­ғамдық палатаның мүшесі Серік Теңізбаев ресейлік «Плесецк» және «Восточный» ғарыш ай­лақ­тарында зымыран отынының бұл түрі қолданбайтындығын айтады. Рзақұл Нұртаев «Протон-М» зымыран тасығыштарында гептилді қолданбауды талап ететіндігін және соған жететіндігін айтқан болатын. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының Қармақшы ау­данында болып, Төретам және Ақай ауылдарының тұрғындарымен кездесу барысында, қазақстандықтарды зымыран-тасығыштардың салдарынан сақтандыру қажет деген пікірді айта отырып, гептил отынынан бас тарту қажет деген мәлімдеме жасаған. Алайда «Роскосмос» бұдан бас тарта қоймайтындығын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Жақында бір топ қоғам бел­сен­ділері «Протон-М» зымыран-та­сығышын ұшыруға қарсы екен­діктерін мәлімдеп, Алматыда баспасөз-мәслихатын өткізді. Олар Қызылорда облысы әкімдігіне «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға қарсы шеру ұйымдастыру үшін рұқсат беруін өтініп, арыз берген екен. Ал Қызылорда облыстық тұрақты даму жөніндегі қоғамдық палата өкілдері атқарушы биліктен Ақай ауылында келесі «Протонды» ұшыруға қарсы шеру өткізуді сұрап отыр. «Қызылорда облыстық қоғамдық ұйым өкілдері Байқоңырдағы «Протон» апатынан кейін, Президентке, үкіметке бірнеше рет хат жазып, аса улы гептил отынымен ұшырылатын зымыран тасығыштың ұшырылуына тыйым салу, аймақ тұрғындарының денсаулығына гептилдің келтірер зиянын зерттейтін және бағасын беретін тәуелсіз сараптама жасау жөнінде бастама көтерді. Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындары зерттеу барысымен толықтай таныс емес. Бұл халықтың сенімсіздігін тудыруда. Оның үстіне 17 қыркүйекте келесі «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру көзделіп отыр. Біздіңше, бұл өңірдегі жағдайды одан са-йын ушықтырып, халықтың ашу-ызасын тудыратын болады. Сол себепті де, біз ҚР азаматтарының қоғамдық пікір білдіруге қатысты конституциялық құқығын пайдалана отырып, шеруге шығуға рұқсат берулеріңізді өтінеміз. Шеру мақсаты – Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға тыйым салу», – делінген мәлімдемеде. Шеруге 500-дей адам шығады деп болжануда. Олар гептилге қарсылық ретінде қодарына күлгін шар ұстамақ. Өйткені, улы гептилдің салдарынан адамзат баласы күлгін ауруына ұшырайды екен.

Қоғамдық палата жетекшісі Серік Теңізбаев Қызылорда халқының атынан сайланған халық қалаулыларын, ҚР Парламенті және мәслихат депутаттарын осы мәселеде табандылық танытуға шақырып отыр.

Ресейдің 600 тонна улы гептилмен қазақ даласын улағанына қарамастан, бұдан келген ешқандай зиян жоқ деп шіренуі, халықтан кешірім сұрауға батылының бармауы, онымен қоймай жыл аяғына дейін тағы 5 «Протон-М» ұшырамыз деп дайындықты бас­тап кетуі – Қазақстанды те­ре­зесі тең әріптес ретінде сана­май­тындығын кезекті рет көрсетіп отыр. Ал Қазақстанның Ресей ға­лымдарының өзі химиялық ша­буылға теңеген апатқа өз дәре­жесінде баға бере алмауы, Ресейдің алдында кібіртіктеп, одан қажетті деңгейде талап ете алмауы және комиссия шешімін күтпей Ресейдің кезекті «Протонды» ұшыруға дайындала бас­тауы – Қазақстанның Ресейге өзінің сөзін өткізе алатындай әріптес дәрежесіне көтеріле алмағандығын, әлі де өзін Ресейдің отары сезінетіндігін паш ететін сияқты. Ол ол ма, халықаралық деңгейдегі экологиялық паспорт – Байқоңырда жұмыс істейтін және онда өмір сүретін Ресей азаматтарына ғана тиесілі екен. Халықаралық нормаларға келсек, ондай паспорт Қазақстан азаматтарына да берілуі тиіс. Мұның барлығы, қазақтың қой аузынан шөп алмас жуастығын, ездігін және көнбістігін пайдалану секілді.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. ************ ************ ************
    Аса қамқор , ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын .
    ” Жанын жамадық жәйлаған (қаткез пенделер түбінде бір)
    құрып жоғалады.”
    ——————- ( ҚҰРАН – Шәміс сүресі,10 аяты.)—————–

    *********
    —— Баяғыда Қазекем айтыпты : —–
    1) ” Жығылған үстіне жұдырық ”
    2) “Бұға берсең сұға береді”
    3) “Айғайлай – айғайлай қасқырдан ұят болды -ау ”
    ————————————————————————————

    ” Жанға көңілім қалып тұр ,
    Жан бұл күйге салып тұр.
    Тәнге көңілім қалып тұр,
    Тән шыдамай арып тұр.
    Жан ашыған жақының,
    Көзінен жасы ағып тұр.
    Әй, сеніме дегеннің ,
    Айызы әбден қанып тұр.
    Адал сөзің қор болып,
    Жалғанға жұрт нанып тұр .”
    ЖАНБАТЫР- қажы (1936 ж )
    —————————————————————————-

    “Жақсыға Ишарат сөз жетер деген,
    Жаманға сөзің қор боп өтеді екен .
    Есекті арғымаққа қосақтаса ,
    Өтді ғұмырың зайғы қор болыумен .
    ЖӘКЕ – бй (1925 ж )
    ***************************************************

  2. е, бұл “керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” болса айтады. Тамаша айтылған сөздер. Жоғарыда құлақ та, құлық та қалмады-ау деймін.

  3. Иә, дұрыс айтасыз, қазақтың қой аузынан шөп алмас жуастығын пайдаланып, тағы да жыл соңынан дейін 5 мәрте “Протон М” зымыранын ұшыратын болса 600 тонна емес одан да 5 есе улы гептилге шомылатын шығармыз бұйырса! Олардың апаттан құлап құламасына кім кепіл?

  4. https://secure.avaaz.org/ru/petition/Zapretit_starty_raketnositeley_ProtonM_s_kosmodroma_Baykonur_Respublika_Kazahstan/
    30 сентября 2013 года состоялся очередной запуск ракеты-носителя “Протон-М” с космодрома Байконур, Республика Казахстан. Ракета “Протон-М” в качестве топлива использует 600 тонн гептила, 0,0000001 (условно) грамм которого способны убить человека. 02 июля 2013 года в результате аварии ракета-носителя “Протон-М” ядовитые вещества попали в атмосферу. Прошу оказать помощь в запрете стартов ракет-носителей с космодрома Байконур, которые используют ядовитые вещества в качестве топлива.
    ————————
    Қол қоюға өз үлестеріңізді қосыңыздар.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі