///

Киевтік күрескерлерге

51 рет қаралды
5

kievСең бұзылып сірескен,  күйеу қала гүл өскен –

Киев күлге айналып, қан құсады тірестен?

 

Еркіндікке зарығып, еңіреген зар үміт.

Ерегескен қайран ел, екіге жұрты жарылып.

 

Бірінің батыс тиегі, біреуін шығыс сүйеді.

Шығып жатыр майданнан, көзсіз ерлер сүйегі.

 

Ескі мен жаңа тіресіп, таласқаны бірі есік.

Қойтына кету әркімнің қасырет екен ілесіп?

 

Әлімжеттік, сайрау көп, әділетті сайлау жоқ.

Адам атқан анаудың дамбалында байлау жоқ.

 

Күйіп іші тарылып, көзінде тұрған қан ұйып,

Іргедегі не болар ірің кетсе жарылып?…

 

О, менің, күйеу – Киевім,

Батыс пенен шығыстың көзіне шыққан сүйелім,

Білесің бе, білмейсің не екенін киенің?!…

Мен жұртымның саналы

Қолдан келер қайран жоқ, Сөзімменен сүйедім!

Бақытбек Бәмішұлы,

Алматы қаласы, 21.02.2014 жыл.

5 Comments

  1. Бұлғындықтар бүйтпесек, Тәңірлі суын бекер таттық па?,,, :”..Әлімжеттік, сайрау көп, әділетті сайлау жоқ.
    Адам атқан анаудың дамбалында байлау жоқ..” бұттарға сөзді осылай айту керек, әрі қызған шағында!..

  2. Киевте Жоғарғы рада “Украина президенті Виктор Януковичтің конституциялық өкілеттілігін орындаудан шеттетілуі туралы” қаулыны қабылдады. Кезектен тыс президент сайлауы 25 мамыр күні өткізлетін болды, деп хабарлайды РБК. Януковичті президент тағынан кетіруге 328 адам қолдап дауыс берген.

  3. 22 ақпан күні кешкісін Киевтегі “Межигорье” резиденциясын тастап шыққан Виктор Януковичтің қайда зым-зиян, із-тозсыз жоғалып кеткені белгісіз болып отыр…

  4. Украйнаның Львов қаласының күш құрылымы “беркутшілер” қалықтан кешірім сұрап, тізе бүкті, әрі болашақта халық үшін қызмет ететіндіктерін мәлімдеді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қазақтың ән өнері қара жамылды

74 жасқа қараған шағында Қазақтың маңдайалды композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды.