///

Жүрсін Ерман Ер Жәнібек батырға арналған мүшәйраның жеңімпазы атанды

736 рет қаралды
3

Er 1Сонымен, білікті ғалымдар мен танымал ақындардан құралған, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы төрағалық еткен қазылар алқасы сараптап саралай келе төмендегідей ұйғарымға келді: Бас жүлдені (темір тұлпар) – «Ерлік жыры» атты өлеңімен Қазақтың арқалы ақыны, Алаш сыйлығының иегері Жүрсін Ерман жеңіп алды.

Ер Жәнібек баһадүрдің 300 жылдық тойына арнап ШҚО әкімшілігі жариялаған аламан жыр бәйгесі мәресіне жетті. Мүшәйрада еліміздің белгілі ақындарынан бастап, жас таланттарға дейін бақ сынасты. Жыр додасында сексеннен астам үміткердің қатарында Монғолиядан, Қытайдан танымал ақындардың болуы мүшәйра деңгейін көтеріп, ауқымын кеңейте түсті.

Бәйге қоржынына келіп түскен туындылардың ішінде батыр болмысын жан-жақты сомдаған көлемді поэмалар да, толымды толғаулар да, өрнекті өлеңдер де болды. Алайда, бәйге жеңімпаздарын анықтау қазылар алқасына оңай болмады. Себебі көпшілік ақындар батырға қатысты көне аңыздардың аясынан шыға алмай, тарихи оқиғаларды баяндаудан аса алмай, бірін бірі қайталауға ұрынған. Айталық, Көкдөнен мен Ақ туға қатысты өлеңдердің өзі 30-дан асты. Сарапшылар мұндай бірсарынды өлеңдердің ішінен таңдаулыларын ғана сұрыптап алды. Ер Жәнібектің тарихи тұлғасын жырлай отырып, бүгінгі күннің биігінен сөз айта білген, заман тынысын, қоғам келбетін тереңнен қозғаған көркем туындыларды басты назарда ұстады.Сонымен, білікті ғалымдар мен танымал ақындардан құралған, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы төрағалық еткен қазылар алқасы сараптап саралай келе төмендегідей ұйғарымға келді:

Бас жүлдені (темір тұлпар) – «Ерлік жыры» атты өлеңімен Қазақтың арқалы ақыны, Алаш сыйлығының иегері Жүрсін Ерман жеңіп алды.

Бірінші орын алматылық танымал ақын Бақытбек Бәмішұлының «Рух жыры – Ер Жәнібек» поэмасына берілді.

Екінші орындарды «Ер Жәнібек» өлеңімен өскемендік Азамат Тасқара және «Жәнібек – Ер Жәнібек – Би Жәнібек» дастанымен жезқазғандық Кенжебай Ахметов еншіледі.
Үшінші орындарды монғолиялық Сұраған Рахметұлы «Жарқа Эльбрусі», «Кие» атты өлеңдері үшін, астаналық Ақберен Елгезек «Ер Жәнібек, Ер Жәнібек!» толғауы үшін, өскемендік Әскерхан Ақтай «Қырлаулы найза қолға алған» толғауы үшін иеленді.
Ынталандыру сыйлықтары ШҚО-тық Айжарық Әбілхасымовтың «Ел қорғаны – Ер Жәнібек» поэмасына, маңғыстаулық жас ақын Еділбек Дүсеновтің «Ер Жәнібек» толғауына, астаналық Бауыржан Қарағызұлының «Ер Жәнібек рухына» өлеңіне, атыраулық Әлия Дәулетбаеваның «Жәнібектің ақ туын жоқтау» өлеңіне, алматылық Мақсұтхан Баркөл-Дәлейдің «Аруағың аунасын» терме-толғауына бұйырды.
Сонымен бірге Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті және «Ер Жәнібек» қоры тағайындаған сыйлықтарды Егеухан Мұхамәдиқызы (ШҚО), Қайрат Кәмей (ҚХР), Ерлан Жүніс (Астана), Адалбек Ақмәдиұлы (Алматы), Толыбай Абылаев (Қызылорда) қатарлы ақындар қанжығасына байланды.
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Өскемен қаласында өтеді. Уақыты қосымша хабарланады.

kazaitys.kz

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Барлықтарыңызды жүлделеріңізбен құттықтаймын! Қазақ рухын асқақтатар жырларыңыз көбейе берсін!

  2. Осы жерде Қабдеш Қаз дауысты Қазбекті орыстың жансызы деп қаралапты деп естідік. Айбек әкім жүргізген сен екенсің, неге тоқтатпадың

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі