///

«Егемен Қазақстан»-ды енді Дархан Қыдырәлі басқарады

1766 рет қаралды

darqan«Егемен Қазақстан» – еліміздің бас газеті. Бұқаралық ақпарат құралдары ішіндегі ең еңселі, ең таралымы көп, ең оқырманы мол,  елдің көзі мен құлағы болып отырған жасы жағынан да ең ескі басылым. Халық бұқара мен биліктің арасын тікелей байланыстырып тұрған құрал деуге әбден болады. Өйткені «Егемен Қазақстан» жоғары билікте отырған шенеуіктердің әр бірінің үстелінің үстінде жататын бірден бір газет. Олар оны оқымаса да болмағанда онда жазылған материалдардың тақырыбын бір шолып шығатын шығар деп ойлаймыз.  Сондықтан да ел-жұрт жалпы жағдайын, арыз-арманын көбінесе осы газет арқылы билікке жеткізсем деп көксейді. Сонымды жасырмай, жалтақтамай жарияласа дейді. Арман-тілегімді билік өкілдері оқып-біліп, көреді-ау, солардан бір қайыр болады-ау деп үміттенеді. Билік пен қарабайыр, қарапайым бұқараның арасына алтын көпір деп сенетіндіктен осы газетке жазылып, тапсырып оқиды. Халықтың жоғын жоқтап, үмітін ақтап, елдің береке-бірлігіне ұйтқы болуда да үлкен рөл атқарып отыр деп білетіндіктен оған артылатын міндет те ауыр, оның көтеретін жүгі де салмақты, жауапкершлігі де жоғары. Міне осындай газетті басқаруға белгілі ғалым, қарымды публицист Дархан Қыдырәлі келді.

Дархан Қыдырәліні бұл газетті заман көшіне сай қызмет ететін шын мәніндегі халықтық бас газетке айналдырады, нарықтық қыспақ кезінде бәсеңсіп кеткен беделін көтереді деп тағайындады деп ойлаймыз. Оқырман қауым да Дархан Қыдырәлі мырза осы міндетті  ойдағыдай орындап шығатынына күмән келтірмейді, шын ниеттен қуанып, ақ тілектерін әлеуметтік желілерде ақтарып жатыр.

Біз де Дархан Қыдырәлі мырзаны жаңа тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

Мінбер-ақпарат. Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі