//

Түркия жұртымен тілектеспіз!

589 рет қаралды
1

turkБүгін түнде бауырлас Түркияда бір топ әскери билікті әскер күшімен тартып алу үшін төңкеріс жасауға әрекеттеніпті. Жергілікті халық оларды қолдамай танклердің алдынан қарусыз қарсы шыққан. Мемлекетте төңкеріс жасамақ болғандар алдынан қарсы шыққан елге  оқ атқан. Полиция мен әскердің арасында қарулы қақтығыс болыпты. Опат болғандар бар деседі. Түркия xалқы биліктің бұндай қанды жолмен төңкеріс арқылы ауысуын қаламайтын көрінеді. Олардың жалаңаш-жалпы түн ортасында танкге қарсы тұруы осыны көрсетеді. Қарапайым азаматтар көшеге шығып, танктерді тоқтатыпты. Сөйтіп қазіргі билікті жалаңаш, қызыл қолмен қорғап қалған.

Түркия халқы – талай тар жол тайғақтан өткен, тарихтың талай қиын-қыстау кезеңдерін бастан кешірген, қазақ халқымен тілі бір, діні бір, тілегі бір бауырлас ел. Туысқан Түркия жұрты тағдырдың бұл сынағынан да аман-есен жол тауып өтеді дегенге шын жүректен тілектеспіз!

Мінбер-ақпарат. Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Біреу ақыл айтқаның не теңің дейтін шығар. Бұл менің адами пікірім. Түркиядағы жағдайды таң атқаннан бері бақылап отырмын. Тектестерім түгел болса екен деп тілеймін Қазіргі халықаралық саяси жағдай өте-мөте асау, тыныштықты, елдің тұтастығын, халықтың бірлігін бұзатын заман емес, бауырлас халыққа соны тілеймін. Түркия үлкен ел, алып мемлекет, оның амандығы бізге өте қажет деп ойлаймын.
    Мына айналасы алмағайып, ал іші аласапыран заманда қай елге де болмасын халқының ішкі бірлігі керек! Ішкі ынтымақ бірлігі ыдырап, берекесі кеткен елдің тірлігі қожырап әлде кімге жем болары даусыз. Абай! Абай! Абай!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі