//

ЕЛБАСЫ НАЗАРБАЕВ ҚТЛ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ТЕКСЕРУ ЖҮРГİЗБЕК?

647 рет қаралды
1

Қазір Қазақтанда даулы мәселе ҚТЛ (Қазастан-Түрік бірлескен оқу орындары) болып отыр. Түркия Президенті Ердоған “олар қауіпті, жауып тастау керек” десе, Қазақстан жағы “ол мектептер бізге керек, сапалы білім береді, оның түлектері халықаралық олимпиадаларда медалдарды көптеп алуда. Және мұғалімдары 90 пайыз қазақ, сондықтан жаппаймыз” дейді. Бұл дұрыс көзқарас. Түркия басқа ел, Қазақстан басқа ел. Сонсон екі елдің жағдайлары да өзгеше. Расында да бұл мектептердің берген білім және ғылымына айтар жоқ. Егер, бұл мектептер таза ғылым мен білім беріп жатса еді, онда оларда ешкімнін шаруасы болмас еді. Бірақ сол мектептердегі балаларға, ертенгі уақытта мектепті бітіріп сот, армия және үкімет сынды билік орындарына көтерілгенде, Гүленге құл болу, соның айтқанын бұлжытпай орындау жайында үгіт насихат беріліп жатса, онда ол қауіпті.

Бұл 15 шілде күні Түркияда болды. Оған дейін әркім, ең баста оппозициядағы партиялар болып Ердоғанды Гүленге орынсыз шүйлігіп жатқаны туралы кінәлаған еді. Бірақ мұның шындық екені 15 шілде күні белгілі болды. Оның негізгі ұйымдастырушы және орындаушыларының Гүлен мен Гүлен мектептерінің түлектері екеніне оппозицияның да, басқалардың да көзі жетіп отыр.

Енді мүмкін Гүлен мектептері мұндай бір адамға құлшылық етуді тек Түркиядағы, яғни өз елінде қана үгіттеп, өзге елдерде таза ғылым жане біліммен шұғылданып жатқан шығар. Мұны өз басым мен білмеймін, көп адам да білмейтін шығар. Міне Елбасынын кеше Анкарада айтқаны осы еді. “Мұны тексереміз, егер ондай бар болып жатса, тиісті шараларды көреміз” деді. Кеше Анқарада, Елбасы ҚТЛ тексереміз дегенде, осы мәселені айтпақ болған. Тілегіміз ондай жеке басқа табынушылыққа үгіттейтін мақсат, ҚТЛ-інде болмасын, Қазақстанымыз төңкерістік әрекеттерден аман және тыныш болсын!

Әбдуақап Қара, Түркия

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Елбасы дұрыс айтып отыр. Толықтай қосыламын. Оқу орынынң дұрыстығын арнайы ммамандардан құрылған топтың тексергені орынды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі