daniarСақ бабаңның алтын бопты киімі, 
Ғұн бабаңның алтын бопты бұйымы. 
Алтын бізге таңсық емес, 
мәселе –
Сенің шыққан тұғырынның, биігі!

Алтын жүрек Данияр!

Алтын бізді апармапты баққа алып,
“Алтын, күміс тас екен” деп жаттадық.
Алтын алған кешегі орыс, мысалы
Алтын Ордам табанында жатты, анық.

Болат білек Данияр!

Алтынға құл болған емен салтымда,
Артымда ұл
қалса алтын, сол – тұлға!
Бұл жерде де алтында емес мәселе,
Елұранын Алашымның ал, тында!

Өр, нар ғажап Данияр!

Бүктеп соққан оғландарды талай тік,
Халқыңды алтын қойдың тіпті зорайтып!
Қойынына алтын тыққан әлем тұр,
Мойыныңа алтын таққан сені айтып!

Көкжал қазақ Данияр!

17.VIII. 2016

Мирас АсанKaraganda

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар