//

Жәнібек, Жәнібек, Жәнібек!

703 рет қаралды
1

janibtkАтының қоспасыз қазақшалығы ма, әлде қандай басқа бір беймәлім тартылыш күш, тылсым жақындық бар ма білмеймін төбелескер (боксшы) Жәнібек Әлімханұлына төтенше іш тартып тұрғанымды байқадым. Спортшыларымыздың бәріне жанкүйер болып отырмын ғой, тіпті кейбіреуінің бәсеке-сайысын таң алдына дейін күтіп, көрер таңды көз ілмей өткіздім. Ырза болғаным сондай шын ниетіммен Отғынсесікке өлең де арнап жаздым. Ал Жәнібек күндіз-түні ойымнан шықпай жүреді. Кеше кешкісін оның анау алжир жігітімен сайысын тамашаладым. Жәнібегім жайбірақат жүріп алды. Қарсыласын менсінбеген кейіп танытты. Жансүйер жарыс жасамады. «Қалпақпен-ақ ұрып аламын» дейтіндей болды. Бұрынғы атақ-даңқымен ананың мысын басты-ау деймін. Солқылдап жүріп жеңді. Қуандық! «Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады» (Абай) ғой. Алда Жәнібекті үлкен аламан күтіп тұр. Кілең мықтылар. Қазақтың шені-лауазымы артса, не болмаса аздаған атақ-абыройға ие болса қойқаңдап, танауын көтеріп, теңселіп, алшаңдап, кеудесін керіп шыға келетін әдеті бар ғой. Ал сол әдет көп жағдайда жығып кетіп жатады. Жәнібегім осыдан абай болса дейміз. Абай атасының ақылын есіне алса дейміз, Жәнібегім! Аты аңызға, ел ұранына айналған атаңның аруағы қолдасын, Жәнібек!

Мұны жазған Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі