Жамаған жер тесігін маман – құрық,
Шығарды адам нанбас заман қылық.
Қазақта хас таланттың бірі емес пе,
Түрмеге түсті дейді Жаманқұлов!
Бір пәле біз білмейтін жеткен екен.
Қаймақ қой, итке тастар ет пе бөтен?
Жегені Тұңғышбайдың рас болса,
Қазақтан ындын-ынсап кеткен екен!
Бақытбек Бәмішұлы, ақын

