//

Бақытжан Сағынтаев: Орыс тілі – Құдай берген біздің бақытымыз

1006 рет қаралды
1

Президент тапсырмасы бойынша Үкіметбасы Оңтүстік жұртына сапарлап қайтқан еді. Кеше.  

Үкіметбасы сапар барысында Оңтүстіктің студент жастарымен кездесіпті. Кездесу барысында үштілділіктің маңыздылығы жайлы сөз болған.

Шымкентте  өңір жастарымен кездескен премьер-министр теxнология шарықтап дамыған заманның артықшылықтарына тоқталып, бүгінде кез-келген ақпаратты ғаламтор арқылы оңай алуға болатынын атап өтті. Сонымен қатар Елбасының үштұғырлы тіл саясатының маңыздылығын да жеткізді.

“Елбасының айтып жүрген үштұғырлы тілі – ең басты мәселе сол. Тек қана бір қазақ тілімен қаламыз деу – ол қате. Қалай түсінсеңіздер де, бірақ болашаққа шығамын дейтін болсаңыз, үш тіл білу керек.

Қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін. Мен ылғи да айтамын, біздің үлкен ағаларымыз қажеті жоқ дейді. Ол балаларының болашағына қарсы деген сөз. Бүгін мүмкін қажеті жоқ, ертең қажеті болады. Ертең сіз маған дәрігер ретінде оқып шығып мысалы, жаңа теxнологияға келген кезде, соны пайдаланатын кезде ол жақта ағылшынша ғой, қайдан аласыз? Кімнің артын іздеп жүресіз? Болмаса орысша жазылады. Қайдан аласыз?

Мен айтамын, орыс тілі кезінде Құдайдың берген біздің бақытымыз. Қазір біз бәріміз орысша сөйлей аламыз. Еркін, ешкімнің үйретудің қажеті жоқ. Біз екі тілді білеміз, енді үшінші тілді меңгеруіміз керек. Елбасының айтып отырғаны сол. Үш тұғырлы тіл! Осыны біздің жастарымыз біліп, мектептен бастап үйренетін болса, онда біздің болашағымыз зор. Кез-келген жерге барып жұмыс істей аламыз”,-деді Бақытжан Сағынтаев. Бұл Үкіметбасының сөзі. Nur.kz сайты солай деп жазады.

Одан өзге премьер-министр былтыр Америка еліне барған кезінде куә болған, қуанышты сәтімен де бөлісті.

“Біз бір жыл бұрын Америкада болдық, Сан-Францискода. Қазақтың қыз-жігіттері жүгіріп келді. “Қайдан жүрсіңдер?” десем, “осы жерде жұмыс жасаймыз” дейді.

Google-де істеп жүр, Facebook-та жүр. Мақтанасың ба? Мақтанасың. Егер де ол еңбектеніп, талпынып оқымаса, қайдан барады ол жаққа?”, – деп жастарды бірнеше тіл үйренуге шақырған үкімет басшысы кездесу соңында жас буын өкілдерінен “тіліміз шорқақ, бюрократиялық болса, кешірім сұраймыз” деп кездесуді қорытындылады.

Abai.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. “Кез келген жерге барып жұмыс істей алатын” (Б.Сағынтаев) жас керек пе бізге, еліне, жеріне пайдалы жастар керек пе?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері