//

Рейхстагқа бiрiншi болып ту тiккен – Рақымжан Қошқарбаев

4335 рет қаралды

ІІ Дүниежүзілік Соғыстан 350 мың қазақ қайтып елгее оралмады. 500 қазақстандық жауынгер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атанды. Олардың 98-і қазақ.
Осы  соғыспен байланысты бұрын бұрмаланып немесе тиісті деректердің жоқтығынан мүлдем кереғар түсінік қалыптастырып келген фактілердің беті ашылып, көптеген жауынгер азаматтардың еленбей келген ерліктері тарихтан лайықты орнын алды.

Жоғарыда келтірілген деректер ІІ Дүниежүзілік соғысына қатысып, батыр атанған қазақ азаматтарының бізге белгілі болғандары ғана. Уақыт өте келе сұрапыл соғыстың  беймәлім жақтары  ашыла бастаған сайын, қазақ батырларының саны әлі де арта түсер деген үміт те жоқ емес әрине.  

Жалпы қазақтан шыққан   батырларының қатарында Кеңестік жүйенің шовинистік сұрқия саясатының кесірінен ерлігі мұндаға дейін дұрыс бағаланбай, көпшілік арасында талай тартыс тудырып келген асыл азаматтардың бірі – Рақымжан Қошқарбаев. 

Рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен батырдың ерлік істерін өзге ұлттарды кемсітіп, тек өзінің ғана жетістігін насихаттап үйренген Кеңестік өркөкірек өзімшіл жүйенің сол кездегі билік басындағы шолақ белсенділері жоққа шығарып келді. Ал шындығында халқының даңқты ұлы Р.Қошқарбаев соғыста қандай ерлік жасаған еді?

Бұл жөнінде «Түркістан» басылымына жазған мақаласында Көлбай Адырбекұлы былай дейді:  «Шындық қап түбiнде жатпайды». 62 жылдан соң Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа бiрiншi болып ту тiккенi анықталып отыр. Ұлы Жеңiстiң 20 жылдығында соғыс ардагерлерi Мәскеуге шақырылған. Сонда грузин Кантария 150-шi дивизияның Рейхстагқа тiгiлген туын Қызыл алаңға ұстап шығады. Сол топта Рақымжан Қошқарбаев та болған. Ол Кантарияның қолынан туды жұлып алып: «Бұл туды Реихстагқа бiрiншi мен тiккенмiн»,- деген. Шындықты бiлетiндер оған қарсы келмейдi. Қошқарбаевтың сол туды көпшiлiктiң ортасында ұстап тұрған сурет қазiр бар. Соғыс ардагерi Зекен Темiрғалиев 1962 жылы Ялтада дем алған екен. Шипажайдың мәдени қызметкерлерi оларды Ставропольға алып барып, соғыс мұражайымен таныстырады. Мұражай қызметкерi Рейхстагқа ту тiккен Егоров пен Кантария деп екеуiнiң суреттерiн көрсетiп жатқанда топ iшiнен оралдық Тәшкенбаев деген ардагер орнынан тұрып: «Бұл мәлiмет қате. Егоров пен Кантариядан бұрын туды Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тiккен. Сол кезде мен 150-шi дивизияның байланыс бөлiмiнiң бастығы едiм. Дивизия командирi генерал Шаталов 30 мамырда 1-Белорус майданының қолбасшысы Жуковқа Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатовтың Рейхстаг қабырғасына ту тiккенiн хабарлады. Жуков қатты ашуланды: «Неге қайдағы бiр азиаттарға ту тiккiздiң? Ертең қалайда бiр орыс пен бiр грузин Рейхстагқа қайта ту тiгетiн болсын», – деп бұйрық бергенiн өз құлағыммен естiдiм. Сол кездегi майдан газеттерi осы оқиға туралы мақалалар жариялайды. Онда Қошқарбаев пен Болатовтың ерлiгi де айтылған.

Бiрақ сол ерлiктi бағалауға келгенде Кеңес Үкiметiнiң басшылары нәсiлшiлдiкке, кемсiтушiлiкке бой алдырды. Рақымжан Қошқарбаевтың кезiнде бағаланбай қалған ерлiгi соның мыңнан бiр дәлелi.

Тарихи ерлігін батырымыз небәрі 21 жасында жасаған. Оның құрметіне 2016 жылы Астана төрінде ескерткіш орнатылды. Елордадағы үлкен көшелердің бірі батырдың атымен аталады. Жалпы соғыс жылдарынан кейін Рақымжан Қошқарбаевтың еңбек еткен жері Алматыда батырға арнап естелік тақта орнатылған. Ержүрек батырға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін «Халык қаhарманы» атағы берілді.

Мінбер ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері