///

Шымкентте “Іскерлік журналистика” бойынша фокус группа өтеді

1935 рет қаралды

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы қазақ журналистеріне арнап, “Іскерлік журналистика” атты көмекші құралды жарыққа шығармақ. Кітапшаның жарыққа шығуына Қазақстандағы АҚШ елшілігі қолдау білдіріп отыр.

Кітапты шығармас бұрын осы салаға қызығатын медиа саласының өкілдерімен ақылдасып, пікірлерін тыңдамақ. Сол үшін 20 адамнан тұратын фокус группа жиналмақ.

Фокус группаға қатысушылар Шымкент қаласында өтетін бір күндік шараға қатысады. Қаржы, экономика тақырыбындағы мастер кластарға қатысып, арнайы сауалнамаға жауап береді.

Бұл шараға Шымкент қаласының және Түркістан облысының медиаға қатысы бар өкілдері қатыса алады. Қатысу – тегін. Орын саны шектеулі. Фокус группаға қатысқан барлық қатысушыға кейін көмекші құрал тегін сыйға беріледі.

Өтетін уақыты: 25 Шілде, Шымкент қаласы

Өтініштер 17 шілдеге дейін қабылданады. Іріктелген қатысушыларға жеке хат жіберіледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ту — тек мата емес, тағдыр

Фото: sports24.kz Өткен аптада ел журналистері мен әлеуметтік желідегі белсенділер Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның

Олимпиадаға бір ай қалды

Фото: t.me/olympickz Италияның Милан және Кортина д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір