/

Динагүл АЯТБЕКҚЫЗЫ, инфекционист: 100 адамда вирус болса, оның 80% -нда ауру белгісі жоқ

1375 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фейсбук парақшасында осы министрлік өкілі, инфекционист Динагүл Аятбекқызы тікелей сұхбат берді. Сұхбат берушінің айтуынша ауру белгісі жоқ адамдардың көп анықталуы ПТР тест тапсырғанына байланысты. Оның үстіне біз төтенше жағдай кезінде біз ауру белгілері бар адамның барлығын дерлік оқшауладық. Төтенше жағдай тоқтаған соң, карантин тәртібі де әлсіреді. Қазір 100 адамда вирус болса, оның 80%-нда  ауру белгісі жоқ немесе өте аз, ал 15% -ында ауру белгілері орташа, 5 % пайызы өте ауыр халде түседі. Бұл жайт біздің елде ғана емес, әлем елдерінің барлығында да болып жатыр. Ауру белгісі жоқ адамның өзінің жеке басына қауіп төнбесе де   ауру тасымалдаушы ретінде басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін. Вирустың сыртында майлы қабыршығы бар ол сол үшін жабысқақ.  

ДСМ-нің өкілі көрсеткен инфографика көрсеткендей 20-59 жас аралығындағы азаматтарда  көбіне ауру белгісі жоқ болады екен. Дегенмен олар да өздерін оқшаулап, дене қызуын өлшеп, маска тағып жүргені абзал.  Тазалықты сақтап, бөлмені жиі желдетіп, жуып отырған дұрыс, өзінің жеке ыдысы болуы керек. Ауру белгісі жоқ алайда вирус анықталған науқастардың стационарлық түрде ауруханада жатқаннан гөрі үйде емделгені абзал, өйткені ауруханада  өз жағдайларын қиындатып алуы мүмкін. Біз алғашында ауру белгісі жоқ адамдарды да ауруханаға жатқыздық, ол кезде бізде ауырғандар саны аз болды. Ал қазір ондай мүмкіндік жоқ, ауру белгісі жоқ адамдар өте көп. Вирус өзінің қадамын өзгертіп отыр, біз қазір онымен бірге өмірсүру дағдысын қалыптастырғанымыз жөн. 

Коронавирустың белгілері тұмау мен суық тию белгілерімен өте ұқсас болған соң адам өзін мұқият қадағалап, ауру белгілерін байқаған соң дене қызуын жиі өлшеп тұруы тиіс. Егер екі күн қатарынан қызу түсіретін дәрі ішсе де қызуы түспей қойса, дәрігер шақырғаны дұрыс. 

Ел ішіндегі жағдайға байланысты министрлік өкілі ел азаматтарын дүрлікпеуге шақырып, санитарлық талаптарды қатаң сақтап, өзіне және жан-жағындағы адамдарға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Дүрлігу стресске әкеліп, стресс ауруды асқындырып жіберуі мүмкін екенін айтты. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі