///

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі: Митингі туралы жаңа заң әлі күшіне енген жоқ

1390 рет қаралды

Әлеуметтік желіде бірқатар азаматтар – «төтенше жағдай аяқталды ғой» және «бейбіт жиындар туралы жаңа заң қабылданды емес пе, неліктен митинг өткізуге рұқсат берілмеді», деген секілді пікірлерін білдіруде.

Алматыдағы митингіден көрініс


Осыған байланысты түсініктеме беруді жөн көріп отырмын. «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы жаңа заңға мамырдың 25 күні қол қойылып, өз күшіне дәл бүгін – маусымның 6 еніп жатыр. Оның үстіне, бүгінгі митингіге алғаш рет үндеп шақырғанда, бұл заң сол кезде парламентте әлі талқыланып жатқан болатын. Яғни, бүгінгі акцияларды ұйымдастырушылар осы митингіні жаңа заңға сәйкес: бес күн бұрын жергілікті билік органдарына алдын ала хабарлама жіберіп, өткізуге барлық мүмкіндіктері болды. Алайда, өкінішке орай ұйымдастырушылар қасақана, жаңа заңның бүгін ғана өз күшіне енетінін біле тұра, митингіге шақырып, үндеп жатты. Бұл біріншіден. Екіншіден, құқықтық нормалардан басқа төтенше жағдай аяқталғанымен, карантиннің біршама шектеулері әлі де сақталынуда, ол Сіздерге белгілі. Санитарлық қызмет өкілдері көпшілік жиналатын шаралардан басқа, тіпті отбасылық шаралардан бас тарта тұруға қайта қайта үндеуде. Осындай жағдайда басқа азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігімен санаспай осындай шараны өткізу қай жағынан қарасаңыз да дұрыс болмады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері