/

Бюджет қаржысына қатысты ақпаратты беру бойынша заң талаптары өзгермек

2990 рет қаралды
фото: 123rf.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бюджет қаржысын жұмсау туралы ақпаратты беру бойынша заң талаптарына өзгеріс енгізбек. Ал, жұмыс тобының құрамына  “Правовой медиа-центр” қоғамдық қорының өкілдері де шақырылмақ.

Қыркүйек айында “Правовый медиа центр” қоғамдық ұйымының директоры Диана Окремова бастаған бастамашы топ  Қазақстанда бюджетке қатысты ақпараттың жариялылығын шектеуге жол бермеуді сұрап,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына және Парламентке  Үндеу жолдаған болатын. Диана Окремова өзінің Facebook  парақшасында сол Үндеуге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан жауап келгенін, онда министрлік «заң талаптарын өзгерту керек екенін мойындағанын және жұмыс тобы құрылатынын» жазды.

Естеріңізге саламыз, Диана Окремова басшылық ететін “Правовый медиа центр” қоғамдық ұйымы Президент пен Парламентке бюджет ашықтығы туралы Үндеу жариялаған кезде, ақпарат құралдары арасынан «Мінбер» ақпарат агенттігі бастамашы топқа ақпараттық қолдау көрсетіп, Диана Окремовадан осы мәселеге байланысты сұхбат алған еді.

Сұхбатта елімізде «қызметтік  құпия» деген белгі қандай  құжаттарға кімнің тарапынан соғылатыны, оның қаншалықты заңды екені туралы, сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық саясатқа жасалған талдау, БАҚ-тағы мемлекеттік тапсырыс туралы Диана Окремова маңызды проблемаларды айтып берген-ді.

Сұхбаттың толық нұсқасы сілтемемен өтіп, оқи аласыздар.

“Правовый медиа центр” қоғамдық ұйымы мен Диана Окремова бастаған ынталы топтың бастамасы аяқсыз қалмайды деп сенеміз. Елдегі әсіресе бюджет қаржысына қатысты ақпараттарға бұдан былай да еш шектеу қойылмаса екен деп тілейміз.

Риза Исаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар