//

Полиция шеруге шыққандарды қоршауға алған

1715 рет қаралды
фото: Азаттық

Демалыс күні яғни ақпанның 28-інде Қазақстанның бірнеше қаласында  оппозициялық топтар – “Демократиялық партия” құрғысы келетін бастамашыл топ пен “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы шақыруымен бейбіт шерулер өтті. Ақпарат құралдарының жазуы бойынша митинг өтеді деп жарияланған күні қалаларда интернет байланысы нашарлап, митинг өтеді деген аумақтарда қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтаған.

Алматы қаласында митинг Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді деп жоспарланған. Сол себепті болар Абай даңғылы бойындағы аялдамалап жабылып, Абай бойымен жүретін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылған. “Байқоңыр” метро станциясы жабылған. Журналистер интернеттің бұғатталғаны үшін көп уақыт тікелей эфирге шыға алмағандығын айтады. Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайына жиналған отыздай адам полицияның қоршауына түсіп кеттлингке алынған.

Митинг Қазақстанның өзге де бірнеше қаласында жоспарланған. Нұр-Сұлтанда полиция белсенді Дулат Ағаділді еске алу үшін Сәдуақас Ғылмани атындағы мешіт алдына жиналған 30 шақты адам да екі шеңберлі қоршауға алынған.

фото: Азаттық

Митинг сондай-ақ, Ақтөбе, Орал, Атырау, Семей, Қызылорда және Шымкентте өтеді деп жоспарланған. Аталған аймақтарда да полицияның күзеті күшейтіліп, жиналғандарды күшпен тарату әрекеті қолданылған.


Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі