///

Аудан мәселелерін көтеріп жүрген мұғалім соққыға жығылды

2304 рет қаралды

Оқиға Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында болған. Ауылдық мектептердің біріндегі география пәнінің мұғаліміне аудандық мәслихат депутаты «сен неге ауылды аудан орталығы ету мәселесін көтересің» деп жұдырық ала жүгірген көрінеді.

Ақжар ауылының белсенділерінің айтуына қарағанда, 1-сәуір күні сағат 16:00-лер шамасында педагог соққыға жығылып, ауруханада жүргенін айтып әріптестеріне хабарласыпты. Инцидент түскі 12:00-дер шамасында мектеп-гимназияның алғашқы әскери дайындық кабинетінде болған. Ақ жағалымен қатар аталған сыныпта Алғашқы Әскери Дайындық пәнінінің мұғалімі де отырған. Кіріп келген география пәні мұғаліміне мәслихат депутаты, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы «ауылды аудан орталығы ету мәселесін неге көтере бересің, қойсаңшы» деген. «Бұл үшін ренжіспей-ақ қоялық» деген ұстазға аудандық мәслихат депутаты қол жұмсап, соққыға жыққан көрінеді. Нәтижесінде, зардап шегушіге «көз алмасының контузиясы» деген диагноз қойылып, денсаулығына жеңіл дәрежеде зақым келген. Сонымен қатар, белсенділердің айтуынша, инцидент кейіпкерлерінің ешқайсысы бұл уақытта алкогольдік ішімдік қолданбаған. Айта кетер бір жайт – жұдырық жұмсаған «Nur Otan» партиясының атынан сайланған аудандық мәслихат депутаты, ат спорты мектебінің директоры қызметін атқарып келген. Оқиға соңында шақырылған полиция қызметкерлерінің көзінше  жәбірленушіден кешірім сұраудан бас тартқан.

«Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры», Тарбағатай ауылдық округінің орталығы қазір Ақсуат ауылында. «Ақжар ауылдық округінің тұрғындары мен белсенділері аудан орталығын өз ауылдарына бір жылдан астам уақыт көшірмек болып, петиция жазып жүргенімен, «Nur Otan» партиясының мәслихат депутатының қарсылығын осы іс-әрекетінен айқын аңғардық» – дейді белсенділердің бірі.

Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі. Мұғалімнің қадірі туралы Мағжан Жұмабаев осылай айтқан еді. Елімізде осыдан екі жыл бұрын «Педагог мәртебесі» деп аталатын заң жобасын да мақұлданған еді.  Алайда, ол заңның пәрменін әзірге өзге түгілі аудандық мәслихаттың депутаты мойындай қоймапты…

Айсана ҚАЛИАСҚАР

Өскемен қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі