///

Алматы Tour of Almaty 2021 веложарысын өткізуге 311 миллион теңге жұмсамақ

3523 рет қаралды
фото: https://kantengri.kz/ru/tours/velotury

2021 жылдың тамыз – қыркүйегі аралығында өтуі тиіс шараның құны 311 млн теңгеден астам. Осыған дейін, Алматы билігі қыруар қаржыға алыс-жақын шетелдерден 40 блогер әкеліп, қаланың көрікті жерлерін аралатады екен, деген ақпарат тарап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Алайда, Оңтүстік Астана билігі қаланың атын алыс-жақын шетелге танытуды әрі шетелден саяхатшы тартудан жылдық KPI межелеген болуы керек. Өйткені, блогер шақырып қана қоймай, халықаралық жарыс өткізуді де жоспарлап отыр.

Алматы қаласының спорт басқармасы коммуналды мемлекеттік мекемесі өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу арқылы 311 миллион 397 мың 322.00 теңгенің сауда-саттығын жасапты. Оған арнайы шақырылған қызмет жеткізуші “Túzý jol” қоғамдық бірлестігі, яғни ашық байқауда жеңіске жеткен де осы аталған ұйым. Ұйымның жетекшісі Касанов Рахман Жәнібекұлы, ұйым 2017 жылдың 16 ақпанында құрылыпты. Заңды мекен-жайы Алматы қаласы, Горький саябағы, 10 деп көрсетіліпті мемлекеттік сатып алулар порталында.

Тендерлік құжаттамадағы «UCI қамқорлығымен Алматы қаласында» Алматы туры 2021 «(2.1 сынып)» Халықаралық көпкүндік (2 күндік) веложарысты ұйымдастыру және өткізу «қызметтерін сатып алуға арналған техникалық сипаттаманы назарларыңызға ұсынамыз.

«Бұл техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарына, Халықаралық велосипедшілер одағының (бұдан әрі – UCI) конституциясына, «Тану ережелеріне» сәйкес жасалған. Халықаралық велосипед одағының қамқорлығымен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған заңды тұлғалар, «Алматы туры» 2.1 санатындағы халықаралық веложарыс туралы ережемен бекітілген (бұдан әрі – Ереже) және UCI мен «Қазақстан велоспорт федерациясы» РҚБ басқа да нормативтік құжаттары. Осы Техникалық сипаттама халықаралық велосипед командаларын шақыру, олардың рейстері, тұруы және ақшалай сыйлықтарды қамтымайды.»

Түсінгеніміздей, жоғарыда көрсетілген сомаға велоспортшыларды жарысқа шақыруға қатысты шығындар кірмейтін болып тұр.

«UCI (бұдан әрі – Веложарыс) демеушілігімен Алматыда «Алматы туры 2021» велосипед жарысын (2.1 класс) Халықаралық көпкүндік (2 күндік) ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық іс-шаралар маңызды міндет, өйткені бұл жарыс Алматы қаласында тағы бір рет өткізілетін дәстүрлі халықаралық шара. Бұл шараға әлемдегі ең мықты велокомандалар қатысады, соған байланысты жарыс жоғары санатқа ие болды: 2.1.

UCI күнтізбесіне сәйкес өткізілетін «Алматы жарысы» іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу UCI автомобиль жарысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа толық сәйкес келуі керек.

Жеткізуші кешенді ақпараттық-спорттық жобада өткізіліп жатқан спорттық іс-шаралар туралы ақпараттық қамтуды қамтамасыз етуге міндетті»

Бұдан әрі әлеуетті жеткізушіге, яғни спорт шарасын ұйымдастыратын ұйымға  қойылатын негізгі талаптар беріліпті:

«- әлеуетті жеткізушіні «Қазақстан велоспорт федерациясы» РҚБ тану ережелеріне сәйкес UCI қамқорлығымен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық шараны өткізу үшін білікті ұйымдастырушы ретінде тануы керек;

– әлеуетті жеткізушіде UCI қамқорлығымен Халықаралық кәсіби веложарыстарды өткізу тәжірибесі бар қызметкерлер құрамы бойынша немесе қызметтік келісімшарт бойынша немесе басқа себептер бойынша 8 (сегіз) жоба менеджері (UCI ережелеріне сәйкес комиссарлар) болуы керек. Техникалық делегатпен / жарыс директорымен / басқа UCI өкілімен расталған сертификат немесе басқа құжат болуы керек.»

Яғни,  “Túzý jol” қоғамдық бірлестігі халықаралық ұйымның талабына сай келетін жеткізуші болғандықтан да арнайы шақырылса керек.

Одан әрі, техникалық сипаттамада, велосипед жарысына мынадай талаптар қойылыпты:

  1. Медициналық қызметтермен өзара әрекеттесу және допинг-бақылау;
  2. Ашылу және марапаттау рәсімдері;
  3. Алматы қаласының қызметтерімен өзара әрекеттесу;
  4. Қоршаған ортаны қорғау;
  5. Қарым-қатынас;
  6. Құрылыс және уақытша құрылыстарды үйлестіру;
  7. Қаржы;
  8. UCI ережелеріне сәйкес «Қазақстан велоспорт федерациясы» РҚБ-мен өзара әрекеттесу;
  9. Қоғамдық тамақтандыру қызметтері;
  10. Жұмыс күші, еріктілер, қызметкерлер саны;
  11. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;
  12. Құқықтық қолдау;
  13. Логистика және жабдықтау;
  14. Велосипед жарысының маркасы, корпоративті ерекшелігі және имиджі;
  15. Жоспарлау және үйлестіру;
  16. Қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;
  17. Белгілер мен белгілер (белгілер мен белгілер / навигация /);
  18. Спорттық жарыстарды ұйымдастыру;
  19. Технология;
  20. Тасымалдау;» ретінде осылар аталыпты.

Бұдан әрі велоржарысты ұйымдастыру талаптары күрделене түседі. Әлеуетті жеткізуші «Велосипед жарысын техникалық және төрешілер құрамымен қамтамасыз ету», «Велосипед жарысының штаб-пәтерін ұйымдастыру: Байланыс құралдарымен (телефон және Интернет байланысы), кеңсе техникасымен қамтамасыз» етуі керек.

Сондай-ақ, халықаралық жарыс болғандықтан да бұл шара Еуроспорт секілді әлемдік маңызы бар байсалды телеарнадан көрсетілуі тиіс, әлеуетті жеткізушіге оған қатысты да талап қойылған:

Айталық, екі күндік жарыстың барлық кезеңінде Eurosport телеарнасында тікелей эфир, Eurosport телеарнасының түсірілімдері мен хабарларын ұсыну. Eurosport телеарнасының техникалық талаптарына сәйкес телетүсірілім қызметтерін ұсыну: Жерде және тікұшақпен түсіруді ұйымдастыру, теледидарлық бағдарлама жасау және спутниктік сигналды көтеру, жарнамалық орынды (ағылшын, орыс, француз) шығару және Eurosport телеарнасына беру, соның ішінде алдын-ала телевизиялық сынақтарды өткізу. Кәсіби жарыс комментаторының, және жай емес Eurosport телеарнасының комментаторы қызметі де қамтылуы тиіс. Баспасөз брифингтері мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс, пресс-релиздер дайындау және тарату, шығыс материалдардың мониторингін қоса алғанда, жобаны ақпараттық қолдау бойынша шаралар кешені. Фотографтардың қызметі де ұмыт қалмапты. 4 күн ішінде 2 фотограф (қатысушылардың келуі, кездесулер, презентация және жарыстың екі кезеңі, мотоциклмен атуды қоса алғанда) қызмет көрсетуі тиіс.

Бұл аздық етеді десеңіз, жарыс үшін ресми веб-сайтты әзірлеу және басқару. Іс-шараны жариялау және насихаттау үшін жарнамалық науқансыз ешбір шара өтпейтіні тағы белгілі, бұл талап та ескерусіз қалмапты. «Қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру, ақпараттық және имидждік бейнелер, соның ішінде трафикті шектеу туралы видеолар, аудиоклиптерді жариялау. 2021 жарысы үшін корпоративті сәйкестікті дамыту, баспа, сувенирлік бұйымдардың дизайны және макеті, безендіру және сыртқы жарнама үшін дизайн элементтерін әзірлеу, Техникалық нұсқаулықты әзірлеу, безендіру және өңдеу, өндірістік материалдарды дайындау»;

«Радиобайланысты қамтамасыз ету және іс-шараға радио тур ұйымдастыру»; «Халықаралық велосипедшілер одағының талаптарына сәйкес велосипедке арналған мамандандырылған тіректерді жалдау және орнату»; «Ресми хаттама бағдарламасы мен концерттік бағдарламаны ұйымдастыру»; «Халықаралық велосипедшілер одағының ережелерінің талаптарына сәйкес старттық және мәрелік аймақтарды тіркеу, ресми қонақ үйді тіркеу, әуежайға келу, жарыс бағыты бойынша жол белгілерін жасау және орнату»; «Іс-шараға қатысушыларға, қонақтарға және көрермендерге арналған кубок, чемпиондық джерси, имидж және кәдесый өнімдері»; «Іс-шара барысында кофе-брейктер мен шай үстелдерін ұйымдастыру, соның ішінде VIP қонақтарға, төрешілерге, баспасөзге, ұйымдастыру комитеті мен еріктілерге тамақ беру, шатырлар мен жиһаздарды жалға беру. Іс-шараға қатысушыларға арналған соңғы салтанатты түскі асты ұйымдастыру»; «Кеңсе жабдықтарын жалдау және техникалық қызмет көрсету, кеңсе жабдықтарын, шығын материалдарын сатып алу, штаб қызметкерлеріне арналған Интернет және байланыс»; «Халықаралық спорттық іс-шараларда, соның ішінде Халықаралық велосипедшілер одағының қамқорлығымен веложарыстарда тәжірибесі бар білікті жоба менеджерлері тобы қызметтері». Осылайша, бас-аяғы 21 қызмет талап етіліпті.  

Сонымен қатар, Өнім беруші кешенді ақпараттық-спорттық жобада өткізіліп жатқан спорттық іс-шаралар туралы ақпараттық қамтуды қамтамасыз етуге міндетті. Дұрыс-ақ, халықаралық шара болғандықтан, оған қойылатын талаптар да салмақты болуы заңды. Әйтсе де, құны 300 млн теңгеден асып жығылатын спорт шарасын биыл өткізуге не түрткі болды екен? Әлде, тамыз-қыркүйек аралығында коронавирусқа қатысты карантин толық аяқталар ма екен? Әлде, биылдан қалмай Алматыны әлем тануы керек деген міндет қойылды ма екен? Мүмкін, қарапайым пенделер біле бермейтін бір сыры бар шығар?  Анығын Алматы әкімдігі біледі. Бұл сұрақтарға жауабын да әкімдік бере жатар…

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар