/

Алып шаһарда заңсыз жұмыс күшінің қос партиясы ұсталды

1188 рет қаралды
Сурет ПД ресми парақшасынан алынды
Сурет ПД ресми парақшасынан алынды

Күні кеше ғана Өзбекстаннан келген 20 азамат Алматыдағы құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істегендері үшін ұсталған болатын. Ал бүгін  заңсыз жұмыс күшінің тағы бір партиясы анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жолы Алматының Бостандық ауданындағы үш қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысында заңсыз келгендер жұмыс істеген.

«Біздің бөлімшенің қызметкерлері Бостандық аудандық ПБ-дағы әріптестерінің көмегімен жұмысқа рұқсаттары жоқ бола тұра еңбек етіп жүрген 16 шетел азаматын анықтады. Оларды қара жұмысшы ретінде жұмысқа алған. Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екендігі анықталды. Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 29-бабына сәйкес материал жинақталып, одан әрі полиция Департаментінің қабылдап-таратуына орналастыру үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді», – деді, Алматы қалалық ПД көші-қон Басқармасы қызметінің басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Полиция, 6 желтоқсаннан бастап шаһар аумағында заңсыз көші-қон арналарын, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ, қаладағы қылмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған «Келімсек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,