/////

Бақытбек Бәмішұлы: Британия күнделігі

974 рет қаралды
фото: Ваши новости

ТОТАЛИТАР ПУТИН РЕЖИМІ ҚҰЛАСА, СОҒЫС ТОҚТАЙДЫ

25.02.2022 ж.
Ресей билігінің Украинаға соғыс ашып, бейбіт елге қарулы күшпен басып кіруіне орай өз пікірімді айту азаматтық парызым деп ойлаймын. Және де осы бір айдың-күннің аманында көз алдымызда өтіп жатқан Арсыз аярлыққа әлемнің әр азаматы өз ойын білдіруі қажет деп санаймын. Өйткені әр бір адамның пікірі бұл қанды соғысты тоқтатуға теңізге тамған тамшыдай болса да қосқан үлесі болмақ деп есептеймін.
Бұл соғыстың басты себебі алпауыт елдердің экономикалық теке-тірестерінің сыртында Ресей билігі халқының тотаритарлық режимге қарсы наразылығының шарықтау шегіне жетіп, әні-міне көтерілуі мүмкін қозғалысын басу болды. Яғни Ресей билігі мен Ресей халқы арасында қоздаған отты сөндіру үшін Украинаға соғыс ашты.
Ресей билігі Украинаны жалғыз күнде басып алып, билігін құлатып, өзімнің үстемдігіммен әлемді, өз халқымды қорқытамын деп астамшылыққа ұрынды. Қатты Қателесті.
Украина халқы оңай шағылатын жаңғақ емес еді. Украина бес бірдей атом станциясы бар қуатты ел. Украина халқы сан жағынан да аз емес, сапа жағынан да ой қуаты күшті, рухы биік жұрт. Украина халқы ежелден батыр халық! Украинаның әр бір азаматы – жауынгер. Бүгін оттың астында қалғаммен ертең қаулап көктеп шығатын Көктің Ұлдары.
Соғыста туысқандық, соғыста ағайындық болмайды. Соғыста жеңіс болмайды. Жеңгеннің де, жеңілгеннің де жүрегі жаралы, жаны қаралы күй кешеді. Украина халқын қанға бөктіріп отырып Ресей басқыншылары Украина билігін орнынан тайдырса да, халқынның мысын басып, сағын сындыра алмайды. Украина халқы бұл соғыстан жасып шықпайды, керісінше кімнің жау, кімнің дос екеніне көзі жетіп, асып, асылданып шығады.
Халықтар еш қашан да бір-бірімен жау болмайтынын Ресей халқы көрсетіп жатыр. Ресейдің қарапайым халқы Украина халқына қолдау көрсетуде. Бұл күнде Ресей халқы жаппай соғысты тоқтатуды ұрандап ереуілге шығып жатыр. Бұл көзі ашық, көкірегі ояу, бейбітшіл халықтың арман-мүддесінің айқын көрінісі. Ресей халқы осы ереуіл нәтижесінде халқын аярлыққа жетектеп, екі туысқан елді қырғи қабақ соғыстың құрбаны етіп, зор зауалға ұшыратып отырған тоталитарлық билігін құлататын болса елінде тыныштық, Украинада да соғыс тоқтайды.
Ежелден құдайы көрші екі елдің арасына от тастап, «ережесіз төбелес» жасап сыртынан тамашалап отырған қызықтаушылардың да бұл соғыстан алатын зауалы аз болмайды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері