//

Бақытты отбасы бағдарламасына тіркелу басталды

2474 рет қаралды
фото: ernur.kz

«Отбасы» банкі «Бақытты отбасы» бағдарламасына тіркелу басталғанын  ескертеді. «Бақытты отбасы» бағдарламасына баспана кезегінде тұрған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Бағдарламаға тіркелу 20 маусым мен 19 шілде аралығында otbasybank.kz платформасында өтеді. Ол үшін «Отбасы банктің» тұтынушысы болу керек және құпия сөзді алу үшін қолыңызда ұялы телефон болуы керек. Қосымша ақпараттар мен құжаттарды енгізу қажет емес. Банк жүйесі деректерді өзі тексеріп, өтініштерді өңдейді.

Бағдарламаға мына санаттағы азаматтар қатыса алады:

Көпбалалы отбасы;

Ерекше бала  тәрбилеп отырған отбасы;

Толық емес отбасы (ажырасқан соң кем дегенде 3 жыл өтуі керек).

2021 жылы «Бақытты отбасы»  бағдарламасына өтініш беріп, займ ала алмаған қатысушылардың өтініштері қабылданбайды. Қайтадан бағдарламаға қатысу үшін, олар  осы жылға қайта өтініш беру керек.

Қабылдау жабылғаннан кейін, қатысушылардың тізімі автоматты түрде шығады. Байқаудың  нәтижесін otbasybank.kz порталынан көруге болады. Байқауға қатысушылардың кірісі тексерілетін болады. Кіріс соңғы 6 айда әр адам басына 115 905 теңгеден аспауы керек.

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен жеңілдетілген 2% несиені алу  үшін, 10% бірінші жарна құю керек. Несие мерзімі 20 жыл.

Дереккөз: informburo.kz 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі