//

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан халқына тиесілі дүниенің бәрі халық мүддесіне жұмсалуы тиіс

1289 рет қаралды
фото: zakon.kz
26 қазанда Республикалық қоғамдық штабта Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жеті жылда 150 млрд доллар шетел инвестициясын тарту көзделіп отырғанын баяндады.
Мемлекет басшысы Ұлттық қор активтерінің 100 млрд долларға дейін көбейетінін атап өтті.

– Қазақстан халқына тиесілі дүниенің бәрі оның мүддесіне қызмет ететін болады. Бұл үшін біз қорды тиімді басқаруды қамтамасыз етеміз, оны инвестициялық кірісін көтереміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

– Біз аграрлық секторға күшті импульс береміз, өндірістің базалық саласын күшейтеміз, жоғары деңгейдегі өнім өндіру мақсатында жаңа салалардың жандануына жол ашамыз. Салық, бюджет, ақша несие және тариф саясатының ашықтығын қамтамасыз етіп, инфляцияны ауыздықтаудың жүйелі шараларын қабылдаймыз, – деп түйіндеді ол сөзін.

Дәл осындай экономика “біздің халықтың әл ауқатының тұрақты өсуіне негіз бола алады” деді ол.

– Салық салудың әділетті, ашық және түсінікті жүйесін қалыптастыру үшін жаңа Салық кодексі жұмыс істей бастайды. Ірі байларға салынар салық көбейетін болады. Біз  мемлекет қолдауына ие болған бизнес субъектілеріне қарымта міндеттер жүктей отырып, соның негізінде қызметкерлердің жалақысын өсіруді көздейміз.

Сондай-ақ ол 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне орай ең төменгі жалақыны көтеру механизмін енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

Шағын және орта бизнестегі адамдардың саны 4,7 млн адамға жетеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі