///

БҚО: 20 мың адам су басу қаупі бар аймақта тұрады

1930 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысында 10 наурыздан бастап ауа-райының күрт жылып, кей уақытта ауа температурасы 10ºC дейін көтерілетіні белгілі болды. Облыстағы төтенше жағдай департаменті су тасқынының алдын алу мақсатында департаментте 28 ақпаннан бастап жедел штаб құрылғаны және 9 наурыздан бастап штаб тәулік бойы жұмыс істейтіні туралы хабарлады.

Сол күні кеште Орал қаласының әкімдігі қаланы сумен қамту және ағынды суларды бұрумен айналысатын бірден-бір кәсіпорын сағат 20.00-ден бастап қала бойынша су беруді тоқтататынын хабарлады.

Ал 11 наурыздан бастап су белгіленген кесте бойынша таңертең, түсте және кеште 2 сағаттан ғана берілетіні жарияланды. Кестеге сәйкес оралдықтар суды тек шектеулі ғана пайдаланады.  Суды беру кестесі, сағат: 07.00-ден 09.00-ге дейін; 12.00-ден 14.00-ге дейін; 18.00-ден 20.00-ге дейін.

Судың шектеулі берілуінің себебін «Батыс су арнасы» ЖШС қалалық кәріз коллекторларының еріген суға толып кетуі және елді мекендерді кәріз, еріген сулардың басып қалу қаупіне байланысты деп түсіндірді.

10 наурыз күні түнде әлеуметтік желілерде Оралдағы медициналық колледждің жатақханасын су басқан, жатақханада тұратын студенттер көшірілген деген ақпарат тарай бастады.

Осыған орай БҚО Төтенше жағдайлар департаменті 11 наурыз күні сағат таңғы 07.42-де ҚР ТЖМ ОДЖББ жедел кезекшісі телеграм месенджеріне Орал қаласындағы медициналық колледж жатақханасының санитарлық торабында кәрізден су кеткені жайлы ақпарат алғанын айтты. Ақпаратты жергілікті атқарушы органның қалалық жедел штабы қабылдаған, мәлімет бойынша Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 65/2 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттың жертөлесін су басқан, су деңгейі 30-40 см. жеткен. Зачаганск кентінің әкімдігі суды айдау үшін 1 мотопомпаны жеткізген.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің 11 наурыздағы басқа да жауапты қызмет өкілдерімен бірге өткен брифингте берген мәліметіне сүйенсек, қала аумағында су басу қаупі төніп тұрған 86 учаске бар, оның ішінде 75-і бау-бақша серіктестіктерінің басым бөлігі орналасқан өзендердің жайылмаларында. Бұл жерде тұрақты тұратын халық саны 20 839 адам.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері қазіргі уақытқа дейін қалалық жедел штабқа қала тұрғындарынан 700-ден астам өтінім түскен. Олардың жартысынан көбі, 380-нен астам өтінім көше немесе аулаға су жиналуға қатысты болған, жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі байқалмаған. Үйдің іргетасының аласа болуы, аулалардан қардың уақтылы шығарылмауы салдарынан қала аумағындағы 8 жеке тұрғын үйге су кіру фактісі тіркелген.

Судың ғимараттардың жертөлесіне кіруі бойынша 9 факт тіркелген, олар: Б.Майлин 52, Жәңгір хан 65/2 мекенжайындағы Медициналық колледж жатақханасы, ҚазТрансГазАймақ, Шаңырақ жатақханасы, №37 мектеп, НЗМ, Эстетикалық бағыттағы гимназия, Олимиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледжі, су уақытында сорылған. Адамдар зардап шекпеген.

Қала бойынша 27 құрама-эвакуациялық пункт анықталған. Су басу қаупі төнген жағдайда халықты орналастыру үшін қосымша 10 мектеп, 1 мәдениет үйі («Деркөл» мәдениет үйі) және 1 спорт кешені («Орал» спорт клубы) белгіленген. Халықты төтенше жағдай орнынан эвакуациялау үшін жолаушы-тасымалдаушы 6 мекемемен 30 автобусқа келісімшарт жасалған, зардап шеккендерді уақытша орналастыру үшін облыс орталығындағы 2 қонақ үй кешендерімен ниет-шарттар жасалған.

11 наурызда Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов, «ҚазГидромет» және «Қазсушар» РМК басшыларымен Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізген.

Тексеру барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттеліп, өзендер бойында орналасқан елді мекендер айналасына мониторинг жүргізілген.

«Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі судың деңгейі 520 см,  Шежін-2 өзеніндегі судың деңгейі 761 см құрап отыр, елді мекендерге қауіп жоқ», – деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Су тасқыны кезеңіне байланысты Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл телефон қызметінің желісі іске қосылған.

55-40-66

8 705 246 96 29

Қала тұрғындары су басу қаупі туындаған кезде 24-01-94, 24-05-70, 8 771 131 91 61 (ватсап) нөмірлері арқылы Төтенше жағдайлар басқармасының қалалық штабына хабарласа алады. Штаб тәулік бойы жұмыс жасайды.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар