////

Зиянды медиа әдет дегеніміз не? Одан арылу үшін не істейміз?

7466 рет қаралды

Бүгін “Зиянды медиа әдеттерден арылайық/ медиасауатқа арналған 50 кеңес” атты жобаның онлайн таныстырылымы болып өтті. Жобаны «Қазақстан Медиа желі» қоғамдық қоры жүзеге асыруда. 

Онлайн баспасөз мәслихатына Қазақстанның түкпір түкпірінен медиа мамандар, журналистер, блогерлер қатысып өз сауалдарын қойды.

Жоба кез келген жастағы адамға және әр аймақтың тұрғындары үшін дайындалып отыр:  медианы тұтыну жолында зиянды медиа әдеттерден арылуды мақсат етсе, өзін және жақындарын БАҚ-тың біржақты ақпарат таратуынан, кибер алаяқтардан, өшпенділік тілі мен күш қолдануды насихаттаудан, манипуляция мен дезинформациядан құтылуды көздеген кез келген адам үшін пайдалы болмақ.

Өйткені жоба барысында медиа сарапшылар мен тренерлер медиасауат, медиаэтика және медиақұқыққа қатысты  50 кеңес беруді жоспарлап отыр. Осы мақсатта медиасауатқа арналған жаңа білім платформасы құрылып жатыр. Онда тренинг бағдарламалары, тест, куиз сұрақтары, 5 анимация, 10 видеоролик, 5 подкастар сериясы, мақалалар мен медиасауат сабақтарына арналған материалдар, сондай-ақ, медиасауат, медиаэтика және медиақұқық жөніндегі сарапшылардың вебинарлары орналастырылмақ.

Сондай-ақ, жоба барысында медиасауатқа қатысты  медиасауатты мектепте оқытудың методикасы жөнінде мектеп мұғалімдеріне арналған тренингтер, «Медиа және ақпараттық сауат» мектеп пәні бойынша барлық облыс, қала және ауыл мұғалімдеріне арналған онлайн және офлайн тренингтер де жоспарланып отыр. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда ересектер арасында 20 куиз өткізілмек.

“Медиасауатты дамыта отырып, біз тұтынушылардың медианы саналы түрде тұтыну мәдениетін қалыптастыруды көздейміз. Бұл дегеніміз, дезинформация сыналып, этикалық журналистика марапатталады деген сөз. Бұл біздің ұйымның даму мақсатымен сай келеді», – деді «Қазақстан Медиа желі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Бақтыгүл Бурбаева конференция барысында.

 Жоба Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде басталып, алғашқы куиздер студент аудиторияларында өтті. Сондай-ақ, Ақтау қаласында заманауи MediaQuiz ұйымдастырылып, оған журналистер, блогерлер, ҮЕҰ жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен оқытушылар қатысты.

 Жобаны Internews жүзеге асырып жатқан «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік» (REVIVE) жобасының аясында Еуроодақ қолдап отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар