////

Жарқ етіп сөнген жұлдыз. Б. Саттарханов тірі болса 43 жасқа толар еді

2156 рет қаралды

4 сәуір  қазақтың бокс тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні. Жарқ еткен шоқ жұлдыз тірі болса, 43 жасқа толар еді.

Қысқаша өмірбаяны:

Бекзат Сейілханұлы Саттарханов – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстанға еңбегі сінген спорт шебері. Ол 1980 жылдың 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Бекзат өзінің бокстағы жолын 15 жасында бастаған. 5 жылдық тәжірибесі ғана бола тұра, боксшы Олимпиада деңгейіндегі жаңа белестерді бағындыра алды.

Жетістіктері мен атақтары:

Бекзат Саттарханов өзінің спорттық мансап жолында өзімен қатарлас спортшылар қанжығасында болмаған жетістіктерге жетті. Ол өзінің қысқа өмірінде барлық жеңістерін өзіне ең жақын адамдары – отбасына арнаған. 1998 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты мен Азия біріншілігінен алған күміс медалі боксшының бағалы деген алғашқы жеңістерінің бірі болды. Ал 1999 жылы Ташкент қаласында өткен Орталық Азия чемпионатында ол өзінің жеңіс жолын жалғастырды. Бірақ оның өміріндегі барша халықты қуантып тойлатқан жеңісі 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасында орын алды.

Барлық спортшыларға орындардан бөлек атақтар да беріледі. Бекзат Саттарханов – 1999 жылғы Орталық Азия елдерінің чемпионы І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері; 2000 жылғы Гран-при кубогының чемпионы деген атақтарға ие болды.

Білімі:

Түркістан қаласындағы Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған. Бірақ өзінің өмірін кеш болса да, жасөспірім кезінен бастап боскпен тікелей байланыстырамын деп шешкен.

Өмірінің соңғы сәті:

“Аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды”. Әлемге есімі енді танылған спортшының өлімі халқымыз үшін қайғылы оқиға болды. Боксшы 2000 жылдың 31 желтоқсанында ОҚО, Ордабасы ауданына қарасты Шабуровка мекеніне жақын маңда жол апатынан көз жұмған болатын. Түркістаннан Шымкентке бағыт алған көлікте тек өзі ғана болған. Жаңа жылды достарымен қарсы алуға асыққан жас спортшы көлік жылдамдығын асырып жіберген. Көлік аударылып, Бекзат сол жерде көз жұмды. Достарымен жиналған дастарқанға асыққан Бекзат сол күні үстел басына жете алмай қалды.

Айта кететін жайт, 2005 жылы спортшыны еске алу мақсатында Қазақстанда пошта маркасы шығарылды. Сонымен қатар аты тарихта қалған спортшының құрметіне Шымкентте Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі ашылды.

Азаттық және ZTB сайттарының материалдары негізінде дайындаған 

Әсем Тугилова

Дина Мұрат

Журналистика мектебінің І курс студенттері

Суреттер ғаламтордан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар