///

«Үркер-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

2846 рет қаралды
«Үркер-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
«Қазмедиа» орталығында «Үркер-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Шара ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс – шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК. 

Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түскен. Шорт-листке 48 номинант енді. Биыл байқау 12 номинацияда өтіп жатыр. Оның ішінде медиа саласын дамытуға үлесін қосып жүрген медиа мамандарына жаңа номинация қосылды.

Олар: «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube канал».
Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларға өз сөзін арнады.

«Үркер-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Әр жыл сайын «Үркер» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға жаңа 3 номинация қосылып отыр. Біз әрқашанда жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра береміз, – деді ол.

«Үркер-2023» сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты: 
Лэйла Тастанова – Time.kz

Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова – Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: 
Амангүл Тілейқызы – El.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация): 
Анна Величко – Golos-naroda.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы: 
Меруерт Сарсенова – Kapital.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы: 
Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба: 
«Orda FM» – «Zhas STAR» бағдарламасы

Жылдың үздік фотосуреті: 
Валерий Бугаев

Үздік өңірлік БАҚ: 
«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы): 
«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Үздік подкаст:
«OY-DETOX» – Әйнел Әмірхан

Үздік YouTobe каналы: 
Абай Сейфоллаұлы – «Abay Live»

«Үркер-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Номинанттарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар