///

Реалға әркімнің-ақ бар таласы

207 рет қаралды

Сурет: kznews.kz

“Ara Media” Instagram парақшасында “Қайрат” пен “Реал Мадрид” ойынына 1000 билет қытайларға сатылып кеткені туралы ақпарат шықты. Оны “Ордабасы”, “Ақтөбе” және “Тараз” клубтарының экс-қақпашысы, Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Самат Отарбаев жазбасы негізінде жазған көрінеді. Ақпаратта Саматтың Threads желісінде жазған:
“Қытайдағы, нақтырақ айтқанда Шанхайдағы адамдар “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы матчқа 1000 билет сатып алған екен. Бұл ресми сатылым басталмай тұрып, клуб басшылығы арқылы жүзеге асқан. Ресми ақпарат жоқ, бірақ шамасы, билетке басқа жолмен де қол жеткізуге болатын сияқты”, — деген сөзі келтірілген.

Экс-футболшының сөзіне қарағанда, Қытай азаматтары бір билетті шамамен 2 310 000 теңгеге сатып алған. Бұл сомаға ұшақ билеті, қонақүй, тамақ және матч билеті кіреді.
Бір айта кетерлігі, “Қайрат” пен “Реал Мадрид” ойнайтын Орталық стадионға бар болғаны 23 804 адам сияды.

Одан бөлек журналист Рауан Оқас Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мынадай жазба қалдырды.

“23 000 билетті сатып алғандар:

3000 – Испаниядан келетін фанаттар (квота);
2000 – Елдегі виптер мен спонсорларға (тегін берілді);
5000 – қырғыз бен өзбектер (реал фан);
7000 – өзіміздің реалфан қазақтар (әр аймақтан келеді);
5000 – ұлттық компаниялар (алдын-ала тапсырыспен);
1000 – “Қайрат” фандары (жанкештілікпен кезекке тұрды).

Ал “Қайрат” футбол клубы өз сайтында билеттердің барлығы сатылып кеткенін жариялады. Кімге қанша билет, оның қаншасы шетел азаматтарына сатылғаны жайында ешқандай ақпарат жоқ. Осы жерде жанкүйерлердіңде пікірі екіге жарылуда. Бірі қытайлықтарға сатқанша өзімізді жарылқайық десе, енді бірі клубқа пайда әкелетін болса, кімге сатса да өздері біледі деген пікірлерін білдіруде.

Қалай болғанда да “Реал” келетінін естіген күні-ақ билет екінің біріне бұйырмайтыны белгілі болды. Оның үстіне Алматыдағы стадионның сыйымдылығы да анау айтқандай көп емес. Бұл жерде қынжылтатыны билеттің жетпей жатқаны емес, “Реал” келмесе, “Қайратқа” жанкүйерлік ететін жанның аздығы секілді көрінеді.

Түгелбай Бисен, 

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар