/

Smart кітапхана: Ұлттық кітапханада жаңа технологиялар таныстырылды

95 рет қаралды

19–20 ақпан күндері Алматдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы» атты екі күндік семинар-тренинг өтті. Сала мамандары бас қосқан жиында кітапхана ісін жаңғырту және жасанды интеллектіні енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Стратегиялық қадам және жаңа міндеттер

Семинардың ресми ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али қатысты. Ол Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауы кітапхана саласына да жаңа жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Осы тұрғыда екі күндік басқосу кітапханаларды цифрлық жаңғыртудың стратегиялық алаңы ретінде қарастырылды.

Жасанды интеллект кітапханашының көмекшісі

Семинар барысында генеративті жасанды интеллектіні кітапхана қызметіне енгізу мүмкіндіктері таныстырылып, оның ақпарат іздеу, деректерді жүйелеу және пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жеделдетудегі рөлі талқыланды. Қатысушылар ChatGPT платформасын кәсіби міндеттерге бейімдеп қолдануды, сондай-ақ Custom GPT негізінде арнайы цифрлық шешімдер әзірлеуді тәжірибе жүзінде үйренді.

Мамандардың ерекше қызығушылығын тудырған жобалардың бірі жасанды интеллектке негізделген LibLab жүйесі болды. Осы құрал библиографиялық сипаттамаларды автоматтандыруға, ақпараттық сұраныстарға жедел жауап беруге және мәтіндерді терең талдауға мүмкіндік беретіні көрсетілді.

WEB-RABIS: Біртұтас цифрлық кеңістік


Семинарда
WEB-RABIS жүйесін дамытудың «жол картасы» таныстырылды. Бұл жүйе аясында атқарылатын жұмыстар:

Ақылды іздеу: Кітаптарды аннотациялау мен классификациялау автоматтандырылады;
Бірыңғай қолжетімділік: Қазақстанның барлық кітапханаларын біріктіретін ортақ веб-сайт пен бірыңғай оқырман билеті жобасы талқыланды;
Талдау мен қауіпсіздік: Оқырманның қалауын,іс-әрекетін талдау және негізсіз, бұзақылық кіру әрекеттерін анықтау функциялары енгізілмек.

Мамандар 2025 жылы басталған кітапханаларды консолидациялау үдерісі сәтті жалғасып жатқанын, жүйеге жыл сайын 15–20 жаңа мекеме қосылып отырғанын атап өтті.

Әлемдік стандарттар және цифрлық этика


Практикалық
сабақтар барысында халықаралық сәйкестендіру жүйелері (ISBN, ISSN, ISMN) бойынша басылымдарды рәсімдеу талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар толық мәтінді құжаттармен жұмыс істеу кезінде авторлық құқықты сақтау және цифрлық этика қағидаттарын ұстану мәселелері назарда болды.

Болашаққа көзқарас

Семинар-тренинг тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, Қазақстан кітапханаларының алдағы онжылдықтағы даму бағытын айқындаған маңызды жиын болды. IT-сарапшылар мен академиялық орта өкілдерінің кәсіби диалогы кітапханалардың қоғамдық миссиясын жаңа, заманауи деңгейге көтеруге серпін берді.

Зарина Мардан

Парақшамызға жазылыңыз

Зарина Мардан

Журналист

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар